БХМ партиясы (, ) — Беларусьте тыйым салынған партия. Ол Жандану Беларус халық майданының (аббревиатурасы: БХМ, БНФ) 1999 жылғы бөлінісінен кейін де-факто пайда болды. Беларус халық майданын Қайта құру кезеңі кезінде беларус интеллигенциясы, соның ішінде Василий Быков құрған еді. Оның тұңғыш басшысы Зенон Позняк еді.

Президент Лукашенконың 2005 жылғы жарлығы партия мен қозғалыс атауларындағы Беларускі (Беларус), Народны (Халықтық, Халық) сөздеріне тыйым салды да, «Беларус халық майданы» өз атауын «БХМ партиясы» деп ауыстыруға мәжбүр болды.

Ерте тарихы

1988 жылы саяси партия да, мәдени қозғалыс та ретінде Беларус халық майданы (БХМ) құрылды. Ол Эстония халық майданы, Латвия халық майданы мен литвалық Саюдис демократияшыл қозғалысынан үлгі алған еді. БХМ-ға мүшелік Беларусьтің әр азаматына, әрі кез келген демократиялық ұйымға қолжетімді болды.

Оның болжамды мақсаттары — КСРО ыдырауынан кейін ұлттық жандану арқылы демократия мен тәуелсіздік орнату. БХМ беларус тілінің жандануына да мән беретін.

Партия орыс тілінің Беларусь ресми тілдері қатарынан алынуын қолдайтын. Лукашенко билігінің басындағы 1995 жылғы референдумнан кейін орыс тілі елде ресми тіл мәртебесіне ие болған еді.

Халық майданының ең ірі жетістіктері қатарында Минск маңындағы Куропаты жерлеу орнын тапқаны болған. БХМ сөзінше, бұл жерде НКВД кезінде соттан тыс өлім жазасын орындайтын.

1994 жылы БХМ 100 зияткері бар «көлеңкелі үкімет» құрды. Оның басшысы Владимир Заблоцкий еді. Бастапқыда оның құрамында үкімет пен экономиканы қайта құрылымдауға арналған идеялар, заңдар мен жоспарларды жариялайтын 18 комиссия болды. Оның соңғы экономикалық реформа ұсынысы 1999 жылы жарияланды. БХМ-ның Александр Лукашенко үкіметінен айырмасы — Беларусьтің НАТО мен Еуропа Одағына кіруін қолдайтын.

1999 жылғы бөлінісі 1990 жылдардың соңына қарай БХМ екі түрлі партияға бөлініп кетті, олардың екеуі де өзін БХМ-ның нағыз ізбасары дейді. Қозғалыстың Зенон Позняк басшылығында болған консерваторлық бөлігі Консервативті-христиандық партия — БХМ деп аталып кетсе, оның либералдық жартысы қазіргі БХМ партиясына айналды.

Қазіргі тарихы, сайлауға қатысуы 2004 жылғы парламент сайлауында партия еш мандат жинай алмаған бөлігі еді. ЕҚЫҰ бақылаушылардың хабарлауынша, бұл сайлау ЕҚЫҰ талаптарына мүлдем келмей қалды. Сайлаудың әділ, әрі еркін өткенін ешкім нақты айта алмады.

Ішкі келіспеушіліктер себебінен 2011 жылы БХМ партиясынан тағы бірнеше адам шықты. Партиядан жүзін аударғандар қатарында Жандану Беларус халық майданынан бері белсенді «саяси ардагерлер» де, соның ішінде Леонид Барщевский, Юрий Хадыка мен Валентин Вечёрко болды. Бұл оқиға кейде Беларус халық майданының «екінші бөлінісі» делінетін.

2017 жылғы қыркүйектегі съезде БХМ партиясы өз басшысы ретінде Григорий Костусёвты сайлады. 2021 жылғы 12 сәуірде Костусёвтың Беларусь МҚК тарабынан қамауға алынғаны хабарланды. Бұл 2020 жылғы президент сайлауынан кейінгі наразылық шараларына байланысты үкіметтің оппозицияшыларға қарсы әрекеттері кезінде орын алды. Ресми түрде Костусёв пен БХМ өзге мүшелері заңсыз төңкеріс ұйымдастыруға әрекеттенді деп айыпталды (оның барысында президент Александр Лукашенко өлтірілуі керек делінді); Ресейлік ФСБ КГБ-мен бірге олардың қамауға алынуы төңкерістің орын алуына кедергі болды деп мәлімдеді. 2022 жылғы 5 қыркүйекте Костусёв Минск облыстық сотының үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

2023 жылғы 14 тамызда Беларусь Жоғарғы соты БХМ партиясына тыйым салды.

Президент сайлаулары СайлауҮміткеріБірінші айналымЕкінші айналымНәтижесіДаусы%Даусы%1994757 195 12,82Жеңілді 1999Зенон ПознякЖеңімпаз жарияланбады2001965 26115,65Жеңілді 2006405 4866,12Жеңілді 2010126 9991,97Жеңілді 2015 Қатыспады2020 Сайлауға қабылданбады

Парламент сайлаулары СайлауБасшысыНәтижесіОрныҮкіметДаусы%+/–Мандаты+/–1995Зенон ПознякЖаңа172000Валентин ВечёркоҚатыспады2004200,033Жаңа 0 52008Леонид Барщевский72,770 1.98 0 52012Алексей Янукевич2,789 1.30 0 8201688,511 1.67 0 62019Григорий Костусёв82,403 0.16 0 7

Халықаралық серіктестігі 2007 жылы БХМ партиясы Халықаралық демократиялық одақтың серіктес мүшесі болды.

2017 жылға дейін партия Еуропа Халық партиясының бақылаушы мүшесі еді. 2017 жылғы 7 тамыздан бері ол — Еуропа үшін либералдар және демократтар альянсының мүшесі.

Төрағалар тізімі 2021–: Вадим Саранчуков 2017–2021: Григорий Костусёв 2009–2017: Алексей Янукевич 2007–2009: Леонид Барщевский"Belarusian Popular Front elects new chairman" 1999–2007: Валентин Вечёрко

Тағы қараңыз Беларус Халық Республикасының Радасы, қуылған үкімет Консервативті-христиандық партия — БХМ

Дереккөздер

Санат:1993 жылы құрылған саяси партиялар Санат:2023 жылы ыдыраған саяси партиялар Санат:Консервативті партиялар Санат:Беларусь саяси партиялары