Бақты, Боқты – Сарыарқадағы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1176 м (Ақтау тауы). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 30 км-ге созылған, ені 15—17 км.

Жер бедері, геологиялық құрылымы Көптеген аласа таулар мен шоқылар тобынан тұрады. Орта және жоғары тас көмір гранитоидтерінен түзілген. Шығысынан Түндік өзені, батысынан Сарыбұлақ, сондай-ақ, жазда тартылып қалатын бірқатар кішігірім өзендер бастау алады.

Топырағы, өсімдігі Беткейлері қызыл қоңыр топырақты. Онда қарағайлы сирек ормандар, арша, аңғарларында қайың, терек, жусан, бетеге, қылқан селеу, сұлыбас аралас қараған, тобылғы өседі.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары