Қарақамыс – Обаған алабындағы көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Итсары қыстауынан солтүстік-батысқа қарай 6 км жерде, теңіз деңгейінен 93 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 5,9 км2, ұзындығы 4,1 км, енді жері 1,7 км, жағалау бойының ұзындығы 11,8 км.

Жағалау сипаты Жағалауы жазық, басым бөлігінде қамыс өскен. Алабының біршама жері жыртылған. Суы қараша айының басында қатып, сәуірдің 1-жартысында ериді. Суында балық бар.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ұзынкөл ауданы көлдері Санат:Обаған су алабы