Төменгі Бавария (нем. Niederbayern, бав. Niedabayern) — Германиядағы Бавария жерінің шығысындағы жеті әкімшілік округтің (нем. Regierungsbezirk) бірі.
Округтың әкімшілік орталығы Ландсхут қаласында орналасқан.
Төменгі Бавария округі Чехия, Австрия және Баварияның әкімшілік округтері – Жоғарғы Пфальц пен Жоғарғы Бавариямен шектеседі.
Қалалары Төменгі Баварияның басты қалалары: Бад-Грисбах-им-Ротталь, Боденмайс, Деггендорф, Дингольфинг, Кельхайм, Ландау-на-Изаре, Ландсхут, Пассау, Платтлинг, Реген, Штраубинг, Вильсхофен-на-Дунай.
Халқы 2015 жылғы 31 желтоқсандағы бағалау бойынша Төменгі Бавария әкімшілік округінің халқы 1 212 119 адамды құрайды.Bayerisches Landesamt für Statistik – Tabelle 12411-001: Fortschreibung des Bevölkerungsstandes: Bevölkerung: Gemeinden, Stichtage (letzten 6)
Оқу орындары Төменгі Баварияда келесі жоғары оқу орындары бар:
Деггендорф жоғары техникалық мектебі (1994 жылы құрылған); Ландсхут қолданбалы ғылымдар университеті (1978 жылы құрылған); Пассау университеті (1978 жылы құрылған, бұған дейін 1823 жылдан бастап философиялық-теологиялық колледж болған).
Тағы қараңыз Бавария Жоғарғы Бавария
Дереккөздер
Санат:Бавария Санат:Төменгі Бавария Санат:Германия әкімшілік бөлінісі