Джон Ли Рэтклифф (, 20 қазан 1965 жыл, Кук, Иллинойс) — америкалық саясаткер және заңгер, 2025 жылғы қаңтардан бергі Орталық барлау агенттігінің директоры. Бұрын ол 2020 жылдан 2021 жылға дейін Ұлттық тергеу директоры және 2015 және 2020 жылдары АҚШ Өкілдер палатасының депутаты еді.
Заңи білім алғанынан кейін Рэтклифф 2004 жылға дейін адвокат болып жұмыс істеген. Бұдан кейін, 2012 жылға дейін ол Хит, Техастың мэрі және 2007 жылғы мамырдан 2008 жылғы сәуірге дейін Техас Шығыс ауданы прокурорының міндетін атқарушысы болды. 2014 жылы Рэтклифф Техастың 4-ауданынан АҚШ Өкілдер палатасына сайланды да, сол лауазымды 2020 жылға дейін иеледі. Конгресстегі қызметі кезінде ол оның ең консервативті мүшелерінің бірі деп саналатын. 2019 жылғы 28 шілдеде Президент Дональд Трамп Рэтклиффті Ұлттық тергеу директоры лауазымына ұсынған еді, алайда көп ұзамай республикашыл сенаторлардан келген сыннан және прокурор ретіндегі немқұрайлығының белгілі болғанынан кейін Рэтклифф бұл лауазымнан бас тартты.
2020 жылғы 28 ақпанда Трамп Рэтклиффті Ұлттық тергеу директоры лауазымына тағы ұсынды. Сенат оның үміткерлігін қабылдады да, ол Өкілдер палатасынан кетіп, 26 мамырда ант берді. Қабылдау жайлы тыңдауларда сенаторлар Рэтклифф Ұлттық тергеуді саяси мәселеге айналдырады деген уайымын айтты, алайда Рэтклифф бейсаяси болуға уәде берді. ҰТД қызметіндегі Рэтклиффтің саяси бағыты бар, не жоқ болғаны жайлы келіспеу болды. Оған қарамастан Рэтклиффтің сыртқы саясат жайлы кейбір ойларын екі партия да қолдап кетті. Трамп әкімшілігінен кеткенде Рэтклифф Heritage Foundation-ның белсенді мүшесі және 2025 жобасы авторларының бірі болды.
2024 жылғы 12 қарашада Трамп Рэтклиффті Орталық барлау агенттігінің директоры лауазымына ұсынды. 2025 жылғы 23 қаңтарда оны Сенат қолдады да, ол сол күні ант берді.
Ерте жылдары Джон Ли Рэтклифф 1965 жылғы 20 қазанда, Чикагодан солтүстік-шығыс жерде орналасқан Маунт-Проспект, Иллинойс ауылында дүниеге келген. 1987 жылы ол Нотр-Дам университетіндегі оқуын бітірді.
Заңгер мансабы 2004 жылы президент Джордж Уокер Буш Рэтклиффті Техас Шығыс ауданының Лаңкестікке қарсы іс-қимыл және Ұлттық қауіпсіздік басшысы қылып тағайындады. 2007 жылғы мамырдан 2008 жылғы сәуірге дейін Рэтклифф сол ауданы прокурорының міндетін атқарушысы бола тұрды.
Конгресс депутаты ретінде сайланбақ болғанда Рэтклифф өз заңгерлік мансабы жайлы өтірік айтқаны үшін белгілі болды.
Рэтклифф кейін Хит, Техас мэрі ретінде екі түрлі төртжылдық мерзімге сайланды да, осылайша 2004 жылғы маусымнан 2012 жылға мамырға дейін бұл лауазымға ие болды.
АҚШ Өкілдер палатасы 2013 жылдың соңына қарай Рэтклифф Республикашыл праймеризде 4-ауданнан 17 мерзімге сайланған депутат Ральф Холлға қарсы бәйгеге қатысатынын жариялады. 91 жастағы Холл Конгресстің ең кәрі мүшесі және АҚШ Өкілдер палатасы тарихындағы ең кәрі мүшесі еді. 4 наурыздағы праймеризде Рэтклифф жалпы дауыстың 29% жинады да, 2-орын алды. Холл 45% ғана жинады да, сайлаудың екінші айналымы өтті. Рэтклифф 53% жинап, Холлды жеңді де, Техастағы қызметтегі республикашыл конгрессмен соңғы 20 жылда тұңғыш рет праймеризде жеңілді. 2014 жылғы қарашадағы жалпы сайлауда Рэтклиффке қарсы демократ қарсылас болмай қалды. Ол 2016 және 2018 жылдары қайта сайланды.
Рэтклифф 2016 жылғы қыркүйектегі Палата Заңи Комитетінің тыңдауы кезінде ОБА директоры Джеймс Комиден эмейл дауымен байланысты Хиллари Клинтонге қарсы неге еш іс қозғалмады деген сұрақтар қойған.
Ұлттық тергеу директоры 2019 жылғы 28 шілдеде президент Дональд Трамп Рэтклиффті Ұлттық тергеу директоры ретінде тағайындағысы келгенін жария етті. Рэтклиффтің ұлттық тергеу, не ұлттық қауіпсіздік салаларында тәжірибесі аз еді. Рэтклиффтің иммиграция мен лаңкестікпен байланысты сот істері жайлы жалған айтқаны белгілі болғанда Трамптың оны тағайындау жоспары бұзылды.
2019 жылғы 2 тамызда Трамп Twitter-де Рэтклифф үміткерлігін алып тастайтынын жариялады.
2020 жылғы 28 ақпанда Трамп Рэтклиффті Ұлттық тергеу директоры лауазымына тағы ұсынды. 2020 жылғы 21 мамырда Рэтклиффті АҚШ Сенаты қабылдады, дауыстар қатынасы 49–44 болды. 26 мамырда ол ант беріп, қызметін бастады.
2020 жылғы қарашада Трамп Рэтклиффке АҚШ Бас прокуроры лауазымын ұсынған еді, алайда Рэтклифф бұдан бас тартты.
ОБА директоры 2024 жылғы қарашада жаңадан сайланған президент Трамп Рэтклиффті Орталық барлау агенттігінің директоры лауазымына ұсынды. 2025 жылғы 15 қаңтарда оның тыңдауы өтті де, 23 қаңтарда Сенат оны қабылдады. Ол өкілеттігін сол күні қабылдады.
Өз өмірі Рэтклифф Мишель Рэтфклиффке үйленген және ерлі-зайыптылардың екі қыз баласы бар. Олар Хит, Техаста тұрады.
Рэтклифф — католик.
Дереккөздер
Санат:АҚШ заңгерлері Санат:АҚШ прокурорлары Санат:АҚШ адвокаттары Санат:АҚШ саясаткерлері Санат:Нотр-Дам университеті түлектері Санат:Оңтүстік методист университеті түлектері Санат:Техастан АҚШ Республикалық партиясының мүшелері Санат:Техас қалаларының мэрлері Санат:Техас штатынан Өкілдер палатасының мүшелері Санат:АҚШ Ұлттық тергеу директорлары Санат:Дональд Трамптың бірінші кабинеті Санат:ОББ директорлары Санат:Дональд Трамптың екінші кабинеті