thumb|right|200px|Галилей серіктерін Юпитермен салыстыру. Жоғарыдан төменге қарай: Ио, Еуропа, Ганимед және Каллисто Галилей серіктері — 1610 жылдың қаңтарында Галилео Галилей ашқан Юпитердің ең үлкен төрт серігі: Ио, Еуропа, Ганимед және Каллисто (Юпитерден алыстау ретімен). Бұл серіктер Күн жүйесіндегі ең үлкен серіктер қатарына жатады және барлық ергежейлі ғаламшарлардан үлкен. Ганимед, Күн жүйесіндегі ең үлкен серік, мөлшері бойынша Меркурий ғаламшарынан 8%-ға үлкен, бірақ массасы бойынша одан екі есе аз. Кішкентай телескоп арқылы бақылауға болады.

Ашылуы Серіктерді 1610 жылы 7 қаңтарда Галилео Галилей алғашқы әлемдік телескопының көмегімен байқаған. Сол күні ол тек үш серікті ашты. 8 қаңтар мен 2 наурыз аралығында бақылауларын жалғастырып, төртінші серікті анықтады. Сонымен қатар, бұл серіктерді 1609 жылы неміс астрономы Симон Мариус та бақылағанын мәлімдеді, бірақ өз деректерін уақтылы жарияламады. Кейбір деректерге сәйкес, Юпитердің серіктері инктер астрономдарына да белгілі болған болуы мүмкін.

Галилей серіктерінің атауларын 1614 жылы Симон Мариус ұсынған, бірақ олар ұзақ уақыт бойы қолданылмаған. Галилей ашқан төрт серікті «Медичи ғаламшарлары» (Медичи әлетіндегі төрт бауырдың құрметіне) деп атап, реттік нөмірлер берген. Тек XX ғасырдың ортасынан бастап, бізге белгілі атаулар кең тарала бастады. Галилей серіктері ежелгі грек мифологиясындағы Зевс ғашықтарының құрметіне аталған. Марий бұл атауларды Юпитердің римдік пантеондағы Зевстің баламасы болуына байланысты берген.

Серіктер сипаттамлары АтауыСуретіІшкі құрылымы Диаметрі(км) Массасы(кг) Тығыздығы(г/см³) Үлкен жартылай өсі(км)Computed using the IAU-MPC Satellites Ephemeris Service µ value Орбиталық кезеңі(күндер)Source: JPL/NASA Орбитаның көлбеуі(°)Computed from IAG Travaux 2001 . Орбита эксцентриситеті 121px121px 3660,0 × 3637,4 × 3630,6 3,528 421 800 1,769 (1) 0,050 0,0041 104px104px 3121,6 3,014 671 100 3,551 (2) 0,471 0,0094 175px175px 5262,4 1,942 1 070 400 7,155 (4) 0,204 0,0011 160px160px 4820,6 1,834 1 882 700 16,69 (9,4) 0,205 0,0074

Галилео серіктерінің көрінуі Галилео серіктерінің жарықтығы әлі де көзбен көруге болатын ең әлсіз жұлдыздардың жарығынан асып түседі (олардың көрінетін жұлдызды шамалары 4,5—5,5 аралығында), бірақ олардың Юпитерге жақындығы тікелей бақылауға кедергі жасайды. Алайда оларды кішігірім әуесқой телескоп пен тіпті дүрбіарқылы жақсы көруге болады. Серіктерді суретке түсіру үшін кең таралған цифрлық камералар мен телеобъективтерді қолдануға болады.

Дереккөздер

Санат:Юпитер серіктері