Жаңаөзендегі ереуіл — 2024 жылы 12 қарашада Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында "Өзенмұнайгазға" қарасты "Бұрғылау жұмыстары басқармасы" (БЖБ) компаниясының жұмысшылары жұмысты тоқтатып, ереуілге шықты. 13 қарашада "Өзенмұнайгазға" қарасты тағы үш мекеме БЖБ-ның талаптарын қолдап, жұмысқа шықпаған.

Жұмысшылардың талаптары Жұмысшылар басшылыққа бес түрлі талап қойған, олар: ӨМГ зейнеткерлері мен денсаулығынан айырылған мұнайшылардың балаларын тікелей штатқа алу, Жаңаөзен қаласында жұмыссыздық мәселесін шешу, Ұжымдық шартта 2013 дейін болған дербес еңбекақы төлеу жүйесін қайтару, машинистер мен операторлардың дәрежесін көтеру, 30% қосымша жалақы тәртібін төлеуді ұжымдық шартқа енгізу.

Барысы Қараша 12 қараша: Рұқсат етілмеген акцияға алғашқы күндері 1700 адам қатысқан. Бірақ түсіндірме әңгімелерден кейін жұмысшылардың көпшілігі өз орындарына оралды.

13 қараша: Ереуілшілермен «ӨзенМұнайГаз» компаниясының бас директоры Жанболат Саймағанбетов кездесті. Компания басшылығы қызметкерлердің талаптарын «заңсыз» деп атады.

15 қараша: Ұлттық компания қызметкерлердің алты (бес) талабына егжей-тегжейлі талдау жасап, олардың әрқайсысына түсініктеме берді.

19 қараша: Instagram-да «ӨзенМұнайГаз» компаниясының бас директоры ереуілге қатысушылардың біріне қауіп төндірген бейнесі пайда болды. Сол күні ҚМГ-де 281 жұмысшы жұмысқа шығудан бас тартты.

22 қараша: 22 қарашада ҚМГ басшысы Асхат Хасенов брифинг барысында 141 адам жұмысқа шықпағанын мәлімдеді.

26 қараша: Жанболат Саймағанбетов жұмысшылардың жұмысты тоқтатқанына 14 күн толғанын атап өтіп, олардың талаптарын “заңсыз” деп атады. “Өзенмұнайгаз” АҚ-ның бас директоры 15–25 қараша күндері ереуілде тұрып, қызметке оралған жұмысшыларға жалақысының 50 пайызын төлеуге дайын екенін жеткізді. Ал ереуілді жалғастыратын жұмысшыларға жалақы жоқ екенін айтты. Ал ҚазМұнайГаз өкілдері жұмысшыларға бармай, тек баспасөз қызметі арқылы талаптарды орындай алмайтынын мәлімдеген. Желтоқсан 4 желтоқсан: Мекеме жұмысшыларының бірі желіде жариялаған видеода ереуілшілерге ҚазМұнайГаз өкілдері келгенін, алайда мардымды ештеңе демегенін айтады. Бекзат Абайылданов мұнайшыларға 5 адамдық топ болып Астанаға келіссөзге баруды ұсынған. Алайда ереуілшілер ұсыныстан бас тартқан.

5 желтоқсан: «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) бұрғылау жұмыстары басқармасы қызметкерлерінің кәсіподағымен кезекті келіссөздер жүргізілді. Ереуіл аяқталды.

Салдары Журналистердің ереуілді жалғастыратындар жауапқа тартыла ма деген сауалына: "заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады" - дейді Хасенов. Сондай-ақ, ҚМГ басшысы ереуілдің салдарынан өндірістік шығындар тәулігіне шамамен 100 тоннаны құрайтынын хабарлады.

Қыркүйектегі ереуіл «Kunan Service» және «Akadi Holding» компанияларының 150-ге жуық жұмысшысы жалақыны бір жарым есеге көтеруді және ұйымдарды біріктіруді талап етті.

Жұмысшылар «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ және «ҚазМұнайГаз» басшыларымен кездескенімен келіссөздерден нәтиже шықпағанын айтты.

Қазандағы ереуіл Қазан айында Жаңаөзендегі «Кезби» мұнай сервисі жұмысшылары ереуілге шықты. Олардың жұмысқа шықпағанына бір тәулік өтіп, ереуілге шыққан мұнайшылар осылайша кәсіпорынның жұмысын тоқтатып тастады. «Кезби» компаниясында 1200 адам жұмыс істейді, ереуілге шамамен жүзге жуық адам шықты.

Маңғыстау облысының әкімдігі кәсіпорынның жекеменшік екенін алға тартып, жауап беруден бас тартты.

Тағы қараңыз Маңғыстау облысындағы ереуіл

Дереккөздер

Санат:Қазақстандағы наразылықтар Санат:Маңғыстау облысы Санат:2024 жылғы наразылықтар Санат:Маңғыстау облысы тарихы