Гүлмира Ақүрпекова - 1965 жылы 20 қаңтарда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданындағы Әбжаппар ауылында туған. ҚР Мәдениет қайраткері, эстрада әншісі.

Өмірбаяны Гүлмира Ақүрпекова Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының химия-биология факультетін бітірген. Институт қабырғасында оқып жүргенде көркемөнерпаз үйірмесінің белсенді мүшесі болды. Сол кездің өзінде ол қазақ теледидарының "Көкпар", "Шашу", "Көңілашар" бағдарламаларында өнер көрсетіп, республика халқына танымал болды. Ол Германия, Норвегия, Швеция, Түркия елдерінде гастрольдік сапармен болып, концерттер берді. Өнер жолындағы жетістіктері үшін 2002 жылы Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты атағына ие болды. Марапаты Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (2002 ж.); ҚР Мәдениет қайраткері; «Құрмет» ордені (2021 ж.).

Дереккөздер

Санат:Тұрар Рысқұлов ауданында туғандар Санат:Әншілер