Қайрат Әшірәліұлы Бисембаев (22.04.1965 ж. Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Бірлес ауылында (қазіргі Сәлімбай Пірманов ауылы) туған. Мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, композитор.
Өмірбаяны Қайрат Әшірәліұлы 1965 жылы 22 сәуірде ұстаздар отбасында дүниеге келді. 1972 жылы Бірлес орта мектебіне барып, 1982 жылы Алғабас орта мектебін «Алтын медальмен» бітірген. Сол жылы Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтына түсіп, 1987 жылы құрылыс инженері маманыдығы бойынша бітірген. 2003 жылы «Тұран» университетін «Заңгер» мамандығы бойынша, 2004 жылы «Құрылыс және бағалау» академиясын «Бағалаушы" мамандығы бойынша оқып, бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы Торғай қаласында «Тургай-селхозводопровод» АҚБ-де шебер, аға инженер болып бастаған. 1988-1993 жылдар аралығында Өрнек ауылдық кулубының меңгерушісі, Алғабас совхозының комсомол ұйымының жетекшісі болған. 1993-1997 жылдары Өрнек ауылдық Кеңес төрағасы және әкім болды. 1997-1999 жылдары комбикорм зауыт директоры, «Подгорный» агрокорпорациясы президентінің көмекшісі болды. 1999 - 2000 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінде бас маман, 2000-2005 РГП «Мемлекеттік құрылыс лицензия» мемлекеттік мекеменің Алматы облысы филиалының директоры болды.
2005 - 2009 жылдары Алматы облысының Қаратал ауданы әкімінің орынбасары, 2009 - 2015 жылдары ҚР Құрылыс агенттігінің Мемлекеттік сәулет - құрылыс бақылау басқармасының басшысы, Астана қаласы мемлекеттік сәулет - құрылыс бақылау департаментінің басшысы болып еңбек етті.2015-2018 жылдары Алматы облысы Қаратал ауданының әкімі,Алматы облысы жер басқармасының басшысы, «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары болды.Қазірде Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысы. Кітаптары «Әкені аңсау» ән жинағы; «Берекелі бірлес» кітабы. Отбасы Екі қыз, екі ұлдың әкесі. Марапаты «Құрмет» ордені; ҚР Құрметті құрылысшысы; ҚР Архитекторлар одағының, қала құрылысшылары одағының мүшесі; Қаратал ауданының құрметті азаматы, Мәскеуде өткен «Бүкілдүниежүзілік жастар мен студенттердің ХІІ-фестивалінің диплом анты; Ауған соғысының ардагерлерінің республикалық штабының «Сауап» және ҚР Контитутциясына, Тәуелсіздігіне байланысты бірнеше юбилейлік медальдар иегері; Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Елбасының Алғыс хатымен жәнем 5 - рет Алматы облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен" марапатталған.
Дереккөздер
Санат:Тұрар Рысқұлов ауданында туғандар Санат:Құрылыс