Мәмбетқазиев Айдар Ережепұлы (орыс. Мамбеткази́ев, Айда́р Ереже́пович; 1965 жылы 7 қаңтарда Қазақ КСР Алматы қаласында туған) — Қазақстан-Американдық еркін университетінің – Халықаралық әріптестік университетінің ректоры.ҚАЕУ РЕКТОРЫ Білім және ғылымды ұйымдастырушы. PhD докторы. нобай|Мамбетказиев Айдар Ережепұлы-Қазақстан-Америка Еркін университетінің ректоры
Өмірбаяны
1965 жылы 7 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінде оқыған (1982-1983 ж.ж.). Қарулы Күштер қатарында қызмет еткен (1983-1985). Өскемен педагогикалық институтында (1986-1989 ж.ж.) оқуын жалғастырып, оны аяқтағаннан кейін «География және биология» маманы атанды. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды (1966 ж.). Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Менеджмент» (МВА) мамандығы бойынша магистратураны бітірген (2004 ж.). Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Менеджмент» мамандығы бойынша докторантура бітірген (2012 ж.). Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде PhD докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияНТИ ұлттық ресурстары / диссертациялар қорғады.
Еңбек жолы
Қазақстан-Американдық еркін университетінің қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі директоры (2003-2007 ж.ж.). Қазақстан-Американдық еркін университетінің қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі Вице-президенті (2007-2011 ж.ж.). Қазақстан-Американдық еркін университетінің бірінші вице-президенті (2011-2013 ж.ж.). Қазақстан-Американдық еркін университетінің ректоры (2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін). 2023 жылдың 2 ақпанында ХХІ ғасырдағы көптілді көшбасшылардың жаңа буынын дайындаудағы ҚАЕУ-дің еңбегін мойындау үшін АҚШ Сенаты мүшелерінің шақыруымен АҚШ президенті Д.Байденнің (Вашингтон қ.) қатысуымен 71-ші Ұлттық таңғы асқа қатысты.Делегация АҚШ президентімен таңғы асқа барды 2021 жылы Өскемен қаласында ашылған Республика консулдығында Словак Республикасының құрметті консулы болып тағайындалдыШығыс Қазақстанда Словак Республикасының құрметті консулдығы ашылды.
Марапаттар мен атақтар
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин (2009 ж.) атындағы төсбелгісі А.Байтұрсынұлы атындағы төсбелгі (2014 ж.) Шығыс Қазақстан облысы әкімінің грамотасы (2004 ж., 2014 ж.) «Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі» (2013 ж.) «Словакия Республикасының құрметті консулы» (2021 ж.)
Дереккөздер
Санат:Университеттер