Елшат Жүнісұлы Расулов (; 7 наурыз 1986, Қоқан, Ферғана облысы, Өзбек КСР) — Өзбек боксшысы, әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері. Орта салмақта өнер көрсетеді. Ол жаттықтырушы Нәби Байматовтың жетекшілігімен жаттығады.

2012 жылы Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарының ашылуында Өзбекстан құрамасының ту ұстаушысы болып сайланды.

Жетістіктері 2004 жылы — жастар арасындағы әлем чемпионы. 2006 жылы — әскери қызметкерлер арасындағы чемпион. 2007 жылғы әлем чемпионатында Нунеске нокаутпен ұтылып, жүлдеге қол жеткізе алмады. Азия ойындары мен құрлық біріншілігінің екі дүркін чемпионы. 2009 жылы Миланда (Италия) өткен бокстан әлем чемпионаты – күміс медаль. Финалда ресейлік Артур Бетербиевке есе жіберіп алды. 2011 жылы Бакуде (Әзербайжан) өткен бокстан әлем чемпионаты – қола медаль. Жартылай финалда қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетовтен жеңіліп қалды.

Марапаттары Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген спортшысы (2007) «Мехнат Шухрати» ордені (2009) Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2021).

Дереккөздер

Санат:Өзбекстан боксшылары Санат:Бокстан Азия ойындары чемпиондары Санат:Бокстан Азия чемпиондары