Өткір Тоқтамұратұлы Сұлтанов () — өзбек саясаткері, 1995 жылдан 2003 жылға дейін Өзбекстан премьер-министрі.
Өмірбаяны Өткір Сұлтанов Өзбек КСР астанасы Ташкент қаласында 1939 жылы, 14 шілде күні дүниеге келді.Биография Уткир Султанов (орысша) peoples.ru 31.03.2008 Томск политехникалық университетінде білім алып, 1963 жылдан бастап В.П. Чкалов атындағы Томск металл кесу зауытында электрик болып жұмыс істеді. 1964-1985 жылдары Ташкент авиациялық өндірістік бірлестігінде жұмыс істеді. 1978-1979 жылдары Францияда іссапарда болды.
1985 жылдан бастап «Шығыс» қоғамдық ұйымының бас директоры.
1991 жылы Өзбекстан Республикасы Сыртқы сауда және сыртқы байланыстар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 1991 жылы КСРО ыдырауымен байланысты саяси партиясын КОКП-ден ӨХДП-на ауыстырды. 1992 жылдың ақпанынан бастап Өзбекстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрі. Кейінірек сол жылы ол сыртқы экономикалық байланыстар министрінің лауазымын сақтай отырып, премьер-министрдің орынбасары болды.
1995 жылдың 21 желтоқсанынан 2003 жылдың 10 желтоқсанына дейін — Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі.
2006 жылдың 9 қарашасынан бастап «В.П. Чкалов атындағы Ташкент авиациялық өндірістік бірлестігі» (қысқартылғанда «ТАПОич») Мемлекеттік АҚ-ның директоры.
Сонымен бірге 1998 жылдың мамырынан бастап ТМД Үкімет басшылары кеңесінің төрағасы болды.
2006 жылдың қарашасынан 2010 жылдың қыркүйегіне дейін Премьер-Министрдің кеңесшісі болып тағайындалды. 2011 жылдың 1 қаңтарында «ТАПОич» мемлекеттік АҚ директорының қызметін аяқтады.
2011 жылдың қаңтарынан бастап зейнеткер. Өмірінің соңғы жылдарында бүйрек ауыруынан сырқаттады. 2015 жылдың 29 қарашасында Ташкент қаласында дүниеден озды.Скончался Уткир Султанов, экс-премьер Узбекистана (орысша) Өткір Сұлтанов, Өзбекстанның экс-премьері қайтыс болды. gazeta.uz. 30.11.2015Экс-премьер Узбекистана Уткир Султанов скончался на 76-м году жизни (орысша) Өзбекстан экс-премьері Өткір Сұлтанов 76-жасында қайтыс болды. uz.sputniknews.ru. 30.11.2015
Жеке өмірі Үйленген болатын, қыз баласы және немерелері болды. Туған өзбек тілінен басқа орыс тілін, ағылшын тілін және француз тілін меңгерген.
Марапаттары
«Меһнат шуһрати» орденіСултанов Уткир Тухтамурадович (орысша) eurasian-defence.ru. Өзбекстан Еңбек сіңірген инженері Томск политехникалық университетінің құрметті профессоры бірнеше медаль
Дереккөздер
Санат:Өзбекстан саясаткерлері Санат:Өзбекстан премьер-министрлері