Меланау (алико, лико мелану) — Шығыс Малайзиядағы Даяк тобының халқы (Саравак штатында, Реджанг өзенінен Брунеймен шекараға дейін) және Брунейдің көршілес аудандары. Жалпы саны 100 мың адам. Малайзия – 95 мың, Бруней – 5 мың адам.
Тілі Тілі - меланау тілі.
Діні Дінге сенушілердің діни байланысы: сүнниттік мұсылмандар, бір бөлігі дәстүрлі нанымдарды ұстанады.
Этногенезі XVI-XIX ғасырларда меланау мекендеген аумақ Бруней сұлтандарына тиесілі болды. XIX ғасырдың аяғында – 1963 ж. британдық отаршылдық иеліктер құрамында болды. Малайлардың ғасырлар бойы мәдени ықпалы, Меланаудың исламдануы этникалық бірегейлікті жоғалтуға, малайлардың меланауды ассимиляциялауына әкелді.
Кәсібі Дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатын егіншілік (құрғақ күріш, түйнек, бұршақ, жеміс ағаштары), саго өндіру, жағалауда балық аулау. Қазіргі заманғы меланаулардың көпшілігі коммерциялық саго өндірісінде және резеңке плантацияларында жұмыс істейді.
Өмір салты 5 эндогамикалық әлеуметтік топқа бөлу (бангса) болған. Қазіргі меланауларда шағын отбасы басым. Жерлеу рәсімі сақталған - қайық тәрізді табыттарға жерлеу, жерлеу гимндері мен әтештер төбелесімен сүйемелдеу. нобай|оңға|200px|Тұрғын үйлері Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Дәстүрлі Меланау қоғамы туыстық немесе некеге байланысты бірнеше жүз адам тұратын екі немесе үш ұзын үйден тұратын тәуелсіз ауылдардан тұрды. Елді мекендері түзеу бағытта орналасқан. Дәстүрлі ұзын үйлері малай үлгісіндегі қадаға орналасқан бір отбасылық үйге ауыстырылуда.
Дәстүрлі киімдері Дәстүрлі киімдерді малай үлгісіндегі киімдер ығыстыруда.
Дәстүрлі тағамдары Негізгі тағамдары – қайнатылған күріш, саго ботқасы, қайнатылған саго крахмалы. Ет (тауық еті, мұсылман еместер үшін – шошқа еті) – мереке күндері пайдаланылады.
Сілтеме
Дереккөздер
Санат:Малайзия халықтары