Сартбай – Ызақұдық құмының шығыс бөлігіндегі оқшау төбе.

Географиялық орны Түркістан облысы Келес ауданы Тентексай ауылының солтүстік-батысында 3 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 364 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 5,5 км-ге созылған, енді жері 3 км. Беткейі көлбеуленіп жазыққа ұласады.

Өсімдігі Сұр топырақ жамылғысында жусан, жүзгін, баялыш, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Келес ауданы таулары