Теңіз – Обаған өзені алабында жатқан көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Меңдіқара ауданында орналасқан.

Гидрографикасы Суы ащылау. Теңіз деңгейінен 89,4 м биіктікте жатыр. Аумағы 64,2км2, ұзындығы 14,7, енді жері 7,3 км, жағалау бойының ұзындығы 44,4 км. Оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатқан көл жағасына қамыс өскен. Жағасы негізінен аласа, ашық келеді. Көлге шағын Қарасу өзені құяды. Қар, жауын-шашын суларымен толысады. Көл маңындағы жазық атырабының 5%-ы егістікке пайдаланылады, қалған бөлігі бетеге, боз, жусан басым өскен мал жайылымы.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Меңдіқара ауданы көлдері Санат:Обаған су алабы