Саз – Тобыл алабындағы көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Қайыңдыкөл ауылының оңтүстік-шығысында 16 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 189 м биіктікте жатыр. Аумағы 3 км2, ұзындығы 3,2 км, енді жері 1,3 км, жағалау бойының ұзындығы 7,2 км. Ендік бағытта сопақша пішінмен созылып жатқан көлдің аумағы қуаңшылық жылдары өзгеріп отырады. Көктемгі еріген қар, жер асты суларымен толысады. Қарашаның соңында суы қатып, сəуір айында ериді. Суы тұзды. Жарқабақты келген солтүстік жəне шығыс жағалауының биіктігі 6 м-ге жетеді. Батысында Комаров атындағы мектеп лагері орналасқан. Жонды-белесті келген оңтүстік алабы шабындыққа жəне мал жайылымына пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Бейімбет Майлин ауданы көлдері Санат:Тобыл су алабы