Ұдмұртия (), ресми атауы Ұдмұрт Республикасы () — Ресей Федерациясының құрамындағы субъект, республика.Ұдмұрт Республикасының конституциясы Республика аты алған басты ұлты ұдмұрттар болғанымен, халқының көпшілігі – орыстар.

Ұдмұрт Республикасы Еділ федералды округі және Орал экономикалық ауданына кіреді. Астанасы — Ижау қаласы. Ресми тілдері — ұдмұрт және орыс.

Атауы Ұдмұрт атауы одо-морт («шалғынды адамдар», «шалғындар халқы») сөзінен шыққан. 1557 жылғы құжат осы этимологияны растайды, ол жерде ұдмұрт халқы орысша «луговые люди» («шалғын адамдары») деп аталады.С.К. Белых және В.В. Напольских ЭТНОНИМ удмурт: ИСЧЕРПАНЫ ЛИ АЛЬТЕРНАТИВЫ? Linguistica Uralica. T. 30, № 4. Tallinn, 1994

"Ұдмұрт" терминінің қолдануынан бұрын ұдмұрттар орысша "вотяктар" деп аталған еді.

Тарихы 1920 жылы 4 қарашада Вотяк автономиялы облысы құрылды. 1932 жылдың қаңтарында ол Ұдмұрт автономиялы облысы болып өзгертілді, ол кейін 1934 жылы 28 желтоқсанда Ұдмұрт АКСР болып қайта құрылды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде көптеген өнеркәсіптік зауыттар Украина мен батыс шекаралас аймақтардан Ұдмұртияға көшірілді.

Географиясы Ұдмұрт Республикасы Орал тауларының оңтүстігінде орналасқан және солтүстік-батысында Киров облысымен, шығысында Пермь өлкесімен, оңтүстік-шығысында Башқұртстанмен және оңтүстігінде Татарстанмен шектеседі. Ұдмұртияның жері Шолман және Нұқрат өзендерінің арасында орналасқан.

Елордасы, Ижау қаласы — Ұдмұртияның әкімшілік, өндірістік және мәдени орталығы. Қаланың жақсы дамыған транспорты да бар, құрлық, ауа және теңіз жолдарын санағанда.

Климаты Ұдмұртия климаты — континенттік, жылы жаздары және суық қыстары бар.

Халқы солға|нобай|Воткинск қаласы солға|нобай|Игра қаласы

Статистикасы Росстат деректері бойынша Ұдмұрт Республикасының халқы 1 484 460 адамға тең (2022).Численность постоянного населения Российской Федерации по муниципальным образованиям на 1 января 2022 года Халық тығыздығы — 35,29 адам/км² (2022). Қала халқы — 66,84% (2020).

Ұлттық құрамы Республикада 60-тан астам ұлт өкілдері тұрады. 2010 жылғы санат бойынша Ұдмұртия халқының: 62,2%-ы орыстар, 28%-ы ұдмұрттар, 6,7%-ы татарлар, 0,6%-ы украиндар, 0,6%-ы марилер, 0,2%-ы башқұрттар. Республиканың солтүстігінде бесерман халқы тұрады. солға|нобай|Ұдмұртия халықтары картасы

Саясаты Ұдмұртия саяси құрылысы Ресей Федерациясы конституциясы және Ұдмұртия конституциясында бекітілген.

Заң шығарушы билік оңға|нобай|Ұдмұрт Республикасының Мемлекеттік Кеңесі ғимараты, Ижау Ұдмұртияның басты заң шығарушы органы — Ұдмұртия Мемлекеттік Кеңесі. Оның депутаттары 5 жыл сайын сайланады. Қазіргі құрамы 25 маусым күні 2013 жылы сайланды, «Біртұтас Ресей» партиясынан шыққан төрағасы — Владимир Петрович Невоструев.

Атқарушы билік Республиканың атқарушы билігін Ұдмұртия басшысы және Ұдмұртия үкіметі басқарады. 2011 жылдан бұрын Ұдмұртия басқаруындағы басты тұлға «Ұдмұртия президенті» деп аталған еді.

Дереккөздер

Санат:Ресей республикалары *