Дегерес – Іле Алатауының батысындағы үстіртті тау.

Географиялық орны Алматы облысы Жамбыл ауданы жерінде, Жетіжол жотасынан бастау алатын Жаманты және Дегерес өзендері аралығында орналасқан.

Жер бедері мен геологиялық құрылымы Абсолюттік биіктігі 1346 м. Ұзындығы 15 км-ге жуық. Пермь, тас көмір және неоген кезеңдерінің тау жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Тауалды қара топырағында таудың далалық өсімдіктері өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) таулары Санат:Іле Алатауы