Хантау – Шу-Іле тауларының солтүстік-шығыс сілемі.

Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм, Шу аудандары жерінде орналасқан.

Жер бедері Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 40 – 45 км-ге созылған, енді жері 10 км-дей. Салыстырмалы орташа биіктігі 600 – 650 м. Абсолюттік биіктігі – 1052 м (Сұңқар тауы).

Геологиялық құрылымы Девон және силурдың құмтасы мен тақтатасынан түзілген, кейде гранит интрузивтері кездеседі. Беткейлері өзен аңғарларымен, сай-жыралармен қатты тілімденген. Таудан Ақсүйек, Үлкен Жиделі, т.б. өзендер бастау алады.

Өсімдігі Өңірінде боз жусан басым өскен сораң өсімдік жамылғысы қалыптасқан.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Мойынқұм ауданы таулары Санат:Шу ауданы таулары