Қостөбе – Мойынқұм құмды алқабының солтүстік-батысындағы шоқы.
Географиялық орны Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 715 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай доға тәрізді 6 км-ге созылған, енді жері 3,5 км. Беткейі көлбеуленіп, жазыққа ұласады. Батысында Қазанбай, шығысында Үшсай қоныстары, оңтүстігінде Тасқара шоқысы бар.
Өсімдігі Сұр топырақ жамылғысында боз жусан, теріскен, еркек шөп, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Іле ауданы таулары