Цумада ауданы немесе Цумадин ауданы (, ) — Ресей Федерациясындағы Дағыстан Республикасының құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік әрі муниципалды құрылым (муниципалды аудан). Әкімшілік орталығы — Агвали ауылы.

Географиясы Алып жатқан жер аумағы — 1178 км².

Тарихы 1860 жылдардан бастап Ресей империясының Дағыстан облысы 9 округке бөлінді. Ауданның бөлінуі 1929 жылға дейін сақталды. Қазіргі аудан аумағы Анди округіне қараған. 1921 жылы Дағыстан АССР құрылды.

Тұрғындары

Халық саны 2013 жылғы санақ бойынша Цумада ауданының халық саны 22,9 мың адамға тең. Бүкіл халқы ауылды аймақтарда тұрады.

Ұлттық құрамы 2002 жылғы санақ бойынша аудан тұрғындарының 99%-ы аварлар.

Тағы қараңыз Хабиб Абдулманапович Нурмагомедов — Ресей жекпе-жек спортшысы, UFC аренасында жеңіл салмақта өнер көрсетеді, Цумада ауданының ең танымал тумасы.

Дереккөздер

Санат:Цумада ауданы