Қаратай – Құланөтпес алабындағы көл.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Нұра кентінен оңтүстік-батысқа қарай 23 км жерде, теңіз деңгейінен 390 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы Ауданы 6,6 км2, ұзындығы 3,8 км, енді жері 1,8 км. Су жиналатын алабы 89 км2 (оның 60%-ы жыртылған жер. Су көлемі 2,74 млн.м3. Ең терең жері 1,2 м. Түбі лайлы. Көлдің солтүстік-батыс жағына түйісетін сортаң жерін көктемде су басады. Негізінен қар суымен толысады. Суы қарашаның аяғында қатып, сәуірдің 2-жартысында ериді. Суы өте кермек. Үйрек пен жылқышы құс ұя салады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы көлдері Санат:Нұра су алабы