Қарамая – Қарынжарық ойысының солтүстігіндегі тұзды ащы көл.

Географиялық орны Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Аққұдық ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 27 км жерде, теңіз деңгейінен 14 м төмен жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 3,8 км2, ұзындығы 3,8 км, енді жері 1,2 км, жағалау бойының ұзындығы 9,6 км.

Жағалау сипаты Жағалауы тегіс, қамыс шоғырлары, тасбұйырғын, т.б. сораң шөптесіндер көлдің шығыс жағалауында ғана кездеседі. Сор ойыста жатқандықтан көл түбіне қалың тұз шөккен (мирабилит, глауберит). Көлдің батысында өзіммен аттас Қарамая төбесі (абсолюттік биіктігі 209 м) мен бұлақ бар.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қарақия ауданы көлдері