Орда уезі — 1922-1925 жылдары болған Қырғыз АСКР (1925 жылдан бастап — Қазақ) Бөкей губерниясының әкімшілік-аумақтық бірлігі.

Орталығы Орда болған Орда уезі 1922 жылы 31 мамырда жойылған Қалмақ пен Торғын уездерінің аумағында құрылды. Бастапқыда уезде 11 көшпелі болыс болды:

Батырбек Бесқұм Жәнібек Жиекқұм Жұма Сайқын Сарыбас Тау Торғын Шапшаш Шұңғай

1923 жылы 6 сәуірде болыстар саны қысқарып, тек 8-і қалды:

Батырбек. Орталығы — Шібе мекені Бесқұм. Орталығы — Қартақай мекені Жәнібек. Орталығы — Жәнібек қ. Жиекқұм. Орталығы — Қорыққұм мекені Жұма. Орталығы — Жұма мекені Қалмақ көшпелі Тау. Орталығы — Тау мекені (1924 жылы Қарақайпақ а. ауыстырылды) Торғын. Орталығы — Көшенқұм мекені

1925 жылы 18 мамырда Орда уезі жойылды. Оның аумағы Орал губерниясының Бөкей уезіне өтті.

Сілтеме Қазақстан ӘАБ анықтамалығы (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан). - Алматы, 1959

Санат:Бөкей губерниясы уездері