Қалмақ уезі — 1919-1922 жылдары болған Қырғыз АСКР (1925 жылдан бастап — Қазақ) Бөкей губерниясының әкімшілік-аумақтық бірлігі.
Орталығы Орда болған Қалмақ уезі 1919 жылы құрылды. 1920 жылы оған 9 көшпелі болыс кірді, олардың атауларының орнына сандар (1-ден бастап 9-ға дейін) болды.
1921 жылы қаңтарда 9 болыстың орнына 5 құрылды:
Батырбек көшпелі Сайқын көшпелі Сарыбас көшпелі Шапшаш көшпелі Шұңғай көшпелі
1921 жылы 28 маусымда уез орталығы Орда қаласынан Қалқанды мекеніне көшірілді.
1922 жылы 31 мамырда Қалмақ уезі таратылды. Оның аумағы Орда уезіне өтті.
Сілтеме Қазақстан ӘАБ анықтамалығы (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) — Алматы, 1959
Санат:Бөкей губерниясы уездері