Қайрат Советайұлы Боранбаев (1966 жылы 22 қыркүйек, Торғай облысы) — қазақстандық кәсіпкер және Қайрат футбол клубының президенті.

Өмірбаяны Қайрат Советайұлы Боранбаев 1966 жылы 22 қыркүйекте Торғай облысының Аманкелді ауылында дүниеге келген.

Білімі 1989 жылы Қазақ дене шынықтыру институты. 2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заңгерлік факультетін тәмамдаған. Педагогика ғылымының кандидаты. Торғай облыстық спорт мектебінде жаттықтырушы болып қызмет атқарған.

Қызметі 1991-1993 жылдары - Алматы қалалық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы мұғалімі. 1993-1996 жылдары - «Дека» компаниясының бас директоры. 1996-1997 жылдары - «Алаш» Жабық үлгідегі акционерлік қоғамының вице-президенті. 1997-1999 жылдары - «Алтын алма» ЖШС-ның бас директоры. 1999-2000 жылдары - «Система» ЖШС-ның вице-президенті. 2000 жылы - «ҚазТрансГаз» ЖАҚ-ның атқарушы директоры. 2000-2002 жылдары - «Intergas Central Asia» ЖАҚ-ның коммерциялық директоры. 2002-2006 жылдары - «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының орынбасары. 2006-2014 жылдары «ҚазРосГаз» АҚ-ның бас директоры. 2015 жылдан бастап Қазақстанның ұлттық паралимпиадалық комитетінің президенті.

Сыртқы сілтемелер Қайрат Советайұлы Боранбаев өмірбаяны Кайрат Боранбаев 50 самых влиятельных бизнесменов Казахстана Президент жиенінің қайын атасы Бизнесмен Кайрат Боранбаев

Дереккөздер

Санат:Қазақстан кәсіпкерлері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері