Жансель Дениз (26 тамыз 1991 жыл, Степногорск) — қазақстандық таеквондошы, таеквондодан қара белбеу иегері.

Жетістіктері Қара белбеу, 1 дан, СШ Спорттық жетістіктер: Квалификациалық турнирде (Манила) 2016 жылы 1-орын, XT «Fujairah Open» 2016 жылы 2-орын, XT «Mexico Open», 2016 жылы 3-орын (XT «Fujairah Open», XT «Lotto Dutch Open», XT «Kazakhstan Open» , XT «Greece Open», Ислам ойындары) алды.

2016 жылы Дениз Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарында 67 кг салмақ дәрежесінде Қазақстанның намысын қорғады.

2018 жылғы Азия ойындарында ол оңтүстік кореялық Ли Да Биннен жеңіліп, әйелдер арасында 67 келіге дейінгі салмақта күміс медальға ие болды.

Сілтемелер Дениз Джансель профилі

Санат:Қазақстан тхэквондошылары