Қасым қажы мешіті — Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Павлодарское ауылында орналасқан мешіт. Мешіт Павлодар-Омбы автожолы мен Павлодарское ауылына кіретін Абай көшесінің қиылысында салынған.«Қасым қажы» мешіті Ғимарат намаз оқитын зал, неке қию бөлмесі, мұнара, қойма және қызмет бөлмелерінен тұрады. Алла үйі шығыс сәулет өнерінің ерекшеліктерімен салынған. Оның кешеніне гараж, санитарлық торап, пеш жағатын бөлме және қызметкерлер бөлмесі кіреді."ҚАСЫМ ҚАЖЫ" МЕШІТІ
Мешіт 8 қыркүйек 2008 жылы облыстағы 87-ші мешіт болып салынды. Ол Павлодарское ауылында өмір сүрген діни ағартушы Қасым Мұстафаұлы Ертісбаевтың (1870-1932) атына оның немересі Қанат Байтенұлы Омаровтың қаржысына салынды.ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 87-ШІ ЖАҢА МЕШІТІ АШЫЛДЫ ҚАСЫМ ҚАЖЫ МҰСТАФАҰЛЫ (1870-1932)
2 наурыз 2021 жылы ҚМДБ тарапынан ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай исламдағы бауырмалдықты нығайту мақсатында күре жол бойында орналасқан Қасым қажы мешітінде сапардағы жамағатқа арналған бөлме ашылып, жабдықталды.ТӨРТ МЕШІТТЕ «ЖОЛАУШЫЛАР ҮЙІ» АШЫЛДЫ
Қасым қажы мешіті бас имамы Ермек Сыздықтың бастамасымен ай сайын әр түрлі қайырымдылық іс-шараларды өткізіп отырады.«ҚАСЫМ ҚАЖЫ» МЕШІТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚАРСАҢЫНДАРАМАЗАН АЙЫНЫҢ ЕКІНШІ АПТАСЫНДА«ҚАСЫМ ҚАЖЫ» МЕШІТІ БАРААТ ТҮНІНДЕҚАРТЫ БАР ҮЙДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАРЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖАРЫСУ — ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ!ЖАРИЯ САДАҚАНЫҢ БІРІ — ҚҰДЫҚ ҚАЗУ
Ауданы Жалпы жер телімінің аумағы 0,25 га. Ғимарат биіктігі күмбезімен қоса есептегенде 10,08 м, ал мұнарасының биіктігі 18,3 м. Жалпы көлемі 324,74 м². Бірнеше бөлмелерге бөлінген. Ерлердің намаз залы 175,71 м². Әйелдердің намаз залы 28,49 м². Неке қию бөлмесі 61,43 м². Имам бөлмесі 14,33 м². Ғимараттың төменгі қабаты (жертөле) 327,95 м².«Қасым қажы» мешіті
Мешіттің 10 жылдығы 2 қазан 2018 жылы мешіт өз жамағатына есігін ашқанына 10 жыл толуына орай мешіттің имам-молдалары, жамағатының бастамасымен дүбірлеген салтанатты шара өтті. Ауыл жамағаты мен жастар арасына қазақ күресі, шағын футбол, балалар арасына әртүрлі ойындар ұйымдастырылып, ойын батуттары орнатылды. Мешіт ауласына киіз үйлер тігіліп, ауыл ақсақалдарына дастархан жайылса, шара соңында барлық қатысушыларға мерекелік дастархан жайылды. Облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлы шараға арнайы келіп жиналған жамағатқа ғибратты уағыздар айтып, мешіттің демеушілеріне, тұрақты жамағатына алғыс хаттар тапсырды.Павлодар: «Қасым қажы» мешітіне 10 жыл
Мешіттің имамы Ермек Сыздық былай деді:
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша мешіттер Санат:Қазақстан мешіттері