Септаккорд дегеніміз – 4 дыбыстың терция арқылы құрылуы. Септтың 1-ші дыбысы – прима; 2-ші дыбысы – терция; 3-ші дыбысы – квинта; 4-ші дыбысы – септима.
Доминантсептаккорд (Д7) V басқыштан құрылған септаккордты – доминантсептаккорд дейміз. Музыкалық интервалдық құрамы – ү3, к3, к3. Д7 шешілуі: 1. 7, 5 – секундаға 2. 3 – секундаға 3. 1 – тониканың бірінші дыбысына барады. Септаккордтың сипаттамасы
Доминантсептаккорд айналымдары 1. Д6/5 – доминанталық квинтсекстаккорд. Астыңғы дыбысы – 3(терция), VII басқыштан құрылады. Интервалдық құрамы – к3, к3, ү2. 2. Д4/3 – доминанталық терцквартаккорд. Астыңғы дыбысы – 5(квинта), ІІ басқыштан құрылады. Интервалдық құрамы – к3, ү2, ү3. 3. Д2 – доминанталық секундаккорд. Астыңғы дыбысы – 7(септима), ІV басқыштан құрылады. Интервалдық құрамы – ү2, ү3, к3. Доминантсептаккордтың айналымдары Тағы қараңыз аккорд музыкалық интервал Дереккөздер
Санат:Музыкалық интервал Санат: аккорд