«Магдебург» — Германияның Магдебург қаласындағы футбол клубы, 1965 жылы құрылған. ГДР дәуірінде, әсіресе 70-жылдары мықты ұжымдардың бірі болған, үш рет ГДР чемпионы атанды, 1974 жылы финалда әйгілі "Миланды" тізе бүктіріп, Кубок иелері кубогын жеңіп алды. Бірақ 80-жылдары клуб нашарлай бастады, ал қос Германия біріккен соң тіпті көрінбей кетті. Қазір Германияның аймақтық лигаларының бірінде ойнайды.
Еурокубоктерде топ жарған ГДР-дегі жалғыз клуб.
Жетістіктері
ГДР чемпион (3): 1972, 1974, 1975 ГДР кубогы (7): 1964, 1965, 1969, 1973, 1978, 1979, 1983 Кубок иелері кубогы: 1974
Сілтемелер
http://www.fc-magdeburg.de/
Санат:Германия футбол клубтары Санат:Магдебург ФК Санат:ГДР футбол клубтары