Аралдар патшалығы (, ) — орта ғасырларда Гебрид аралдары мен Шотландияның батыс жағалауындағы гелдік-норвегтік мемлекет. Алғашқыда Норвегияның, 1266 жылдан кейін Шотландияның шартты сюзеренитеттігіне қарамастан, мемлекет қуатты флотқа сүйене отырып, тәуелсіздігін XV ғасырдың соңына дейін сақтап қалды. Аралдар патшалығы Шотландияның таулы кландары мен жалпы Шотландия мемлекеттілігінің мәдениетін дамытуда маңызды рөл атқарды. Мемлекет басшысы 1366 жылдан бастап Аралдар лорды (, ) атағын иеленді. Аумақтық негіз Аралдар патшалығының аумағы мемлекеттің өмір сүру кезеңінде айтарлықтай тұрақты болып қала берді, бұл көбіне осы аймақтың географиялық бірлігіне байланысты. Патшалық құрамына Гебрид аралдары, сондай-ақ Шотландияның батыс жағалауы – Кинтайр, Напдейл, Ковал, Лорн, Арднамерхан және Морверн аймақтары кіретін ортағасырлық Аргайл кірді. Гебрид аралдары - бұл әр түрлі көлемдегі 500-ден астам аралдан тұратын архипелаг, жағалауындағы таулы Ішкі Гебридтер және батысында жайпақ Сыртқы Гебридтерды құрайды. Аргилл жағалауы теңізге бағытталған және басқа Шотландиядан Грампиан тауларының негізгі жотасымен күрт бөлінген. Аргиллдің көптеген шығанақтары мен фьордтары жағалық аймақты аралдармен байланыстырып, теңізге бағытталған біртұтас мәдени-географиялық аймақты құрайды. Аргайлда ешқандай нүкте жағалаудан 12 мильден алыс емес. Дәл осы теңіз байланыстың және осы территорияларды біріктірудің негізгі тәсілі болды, ал орта ғасырларда шығыстан шығу өте қиын болды, өйткені таулар тығыз ормандармен жабылған. Аралдар патшалығының аумағы географиялық тұрғыдан Еуропаның алыс шеткі бөлігі болғанымен, мемлекеттің теңіздік бағыты оның Британ аралдары мен Скандинавияның тарихи-мәдени дамуында маңызды рөл ойнауына мүмкіндік берді. Мемлекет құрылуының алғышарттары Гелдер мен викингтер Ежелгі уақытта Гебридтер мен Шотландияның батыс жағалауында, сірә, әр түрлі пикт пен кельт тайпалары мекендеген. IV ғасырдан бастап осы территорияға V-VI ғасырлар тоғысында осы жерде өзінің Дал Риада мемлекетін құрған ирландиялық гелдер (скоттар) белсенді түрде қоныстана бастайды. Бұл патшалыққа Антрим, Аргилл және Ішкі Гебрид аралдары кірді. 843 жылы Дал Риада пикттердің патшалығымен біртұтас мемлекетке біріктіріліп, кейінірек Шотландия деп аталды.
793 жылдан бастап Дал Риада мен Сыртқы Гебридтер аумақтарын норвегтік және даттық викингтердің шапқыншылықтарына ұшырай бастады. Олар IX ғасырдың ортасына қарай аймақтың Шотландияның шығыс бөлігімен мәдени-саяси байланысын үзіп, гел ғибадатханалары мен гелдердің қоныстарын қирата отырып, аумақты толықтай бағындырды. Шапқыншылықтардан викингтер отарлауға көшті. Норвегтердің алғашқы тұрақты қоныстары IX ғасырдың басында Сыртқы Гебридтерде пайда болды және оңтүстігінде Галлоуейге дейін бүкіл батыс жағалауына біртіндеп таралды. Оркней аралдарын норвегтердің толығымен дерлік отарлауына қарағанда, Гебридтер мен Аргайлде викингтер жергілікті гелдік тұрғындарды ығыстырмады. Қазіргі зерттеулерге сәйкесRitchie, A. Viking Age Scotland. Лондон, 1993, Гебридтердегі жер атаулардың 2/3-тен (Скай аралы) 1/3 (Айлей) дейінгісі норвег тілінен шыққан. Бұл үлес шамамен норвегтік аймақтың отарлау қарқындылығына сәйкес келеді. IX ғасырда гелдер Гебридтерді «Шетелдіктер аралдары» () деп атай бастағандығы скандинавияның әсерін дәлелдейді.
Норвегтер мен батыс жағалауы гелдері арасында өзара әсер ету мен ықпалдастықтың күрделі жүйесі тез дамыды. Ұлтаралық неке айтарлықтай ауқымға ие болды, викингтер гелдік мәдениетпен танысып, сол арқылы христиан және ирланд дәстүрлері скандинавиялықтарға енді, ал гелдер норвегиялықтардың жауынгерлік өмір салты және олардың саяси жүйесін қабылдады. Өзара ассимиляция IX ғасырдың аяғында гебридтердің гел-норвегтің арнайы этно-мәдени қауымдастығының қалыптасуына себеп болды, олар ирландық шежірелердің авторларына Gall-Gaedhil - «шетелдік гелдер» деген атпен белгілі болды. Ирланд монахтары үшін бұлар қарақшылар мен саудагерлер болды, алайда дәл солар теңізге бағытталған, өзіндік мәдениет және батыс жағалауда жаңадан пайда болған мемлекеттік құрылымның ұлттық негізі болды. Аралдар үшін күрес 875 жылдан бастап Норвегия патшалары бұл территорияларды Скандинавия мен Ирландия арасындағы маңызды байланыс деп санап, Гебрид аралдарына үстемдік етуді талап ете бастады. Король Сұлушашты Харалд оның орталықтандыру саясатына қарсы болған аралдар мен осында бекітінген норвег көсемдерін бірнеше рет бағындыруға тырысты, бірақ Гебрид билеушілері едәуір автономияны сақтап қалды. Норвегия королінен басқа, Шотландия королі, Оркней ярлдары, Дублиннің норвег билеушілері, Мэн аралы және Лейнстердегі ирланд королдері аралдарға билік жүргізу үшін таласты. X ғасырдың аяғында Ирландия мен Уэльс жағалауларына жорықтар жасаған «Гебридтер патшалары» (көнеирл. rí Innse Gall) ағайынды Готфрид пен Магнус туралы дәлелдер бар. Шамасы, олар ешқандай тұрақты территориялық базасы жоқ аралдардағы кейбір викингтік колониялардың жетекшілері болған, дегенмен сол кездегі Гебридтерде мықты гел-норвег элитаның болғандығын көрсететін скандинавиялық конунг немесе ярл емес, ирландық король лауазымын қолданылуы болды.
1079 жылы норвег Гудред Крован Мэн аралындағы билікті басып алып, Гебрид аралындағы билікті бағындырды. Ол 1265 жылға дейін билік құрған Мэн патшаларының скандинавиялық әулетін құрып қана қоймай, Шотландияның батыс жағалауы бойында біртұтас арал мемлекетінің негізін қалады. Алайда, 1098 жылы Норвегия королі Магнус III үлкен флотын бастап Гебридтерге келіп, сол жерде патшалық билікті қалпына келтірді. Шотландия Норвегияның Мэн мен Гебрид аралдарына қатысты билігін мойындауға мәжбүр болды. «Оркнейліктер туралы сагаға» сәйкес, Шотландия королі кеме жүзетін теңізмен шайылған барлық батыс жағалауындағы аралдарға құқығынан бас тартуға келіскен және Норвегия үшін Кинтайр түбегін қауіпсіз етуді қалап, Магнус өзін түбекте Шотландияның негізгі бөлігінен бөліп тұрған тар мойнақ арқылы ескекті қайықпен өткізіп жіберуге бұйрық берді. Бұл аңызға қарамастан, бұл оқиға Аргилл мен Гебридтер жағалауының территориялық-мәдени қауымдастығы туралы куәландырады. Магнус III экспедициясының нәтижесі осы аймақтың саяси бірлігін нығайту және оның Норвегияға бағытталуын сақтау қалу болды.
1103 жылы Магнус III қайтыс болғаннан кейін Норвегия королінің Гебридтерге қатысты орталық билігі күрт әлсіреді. Оның үстіне Мэнде қалпына келтірілген скандинавиялық патшалық әулеті де аралдарға берік билік орната алмады. Көп ұзамай жаңа күш - Гебрид аралдары мен Аргайлдың гел-норвегтік элитасы толтырған белгілі бір биліктік вакуум қалыптасты. Мемлекеттің туындауы
Сомерлед 250px|thumb|left|Сухрейджар шамамен 1200 жыл: Крован әулеті мен Сомерлед ұрпағының жерлері Аралдар патшалығының құрылуы Сомерлед есімімен байланысты. Оның шығу тегі жұмбақ болып қала береді. Шамасы, оның ата-бабалары арасында норвегтік викингтері де, Дал Риада мен Гебрид аралдарының гелдік көсемдері де болған. Өзі шамамен 1150 жылы Мэн королінің қызына үйленді, ал оның әпкесі Шотландия королі Макбеттің ұрпағы Малколм Макхетке тұрмысқа шықты. Осылайша, Сомерлед скандинавиялық, гелдік және шотландық мәдениеттердің өзара байланыстардың күрделі жүйесі орталығында орналасты. 1130 жылдары Сомерлед, Шотландиядағы ылаңдарды пайдаланып, Аргиллге өзінің билігін орнатып, 1153 жылы Морейдегі Доналд Макхеттің Шотландия короліне қарсы бүлікті қолдады. Алайда, келесі жылы Сомерлед өзінің назарын Ирланд теңізі мен Гебрид аралдарына бұрды.
Осы кезде Мэн мен Дублиннің норвегтік королдері Гебридтерге билік жүргізу үшін күрескен. Дублинмен одақ құрып, 1156 жылы Сомерлед Мэн аралына таман Годред II-нің әскерлерін талқандаған үлкен флотты жабдықтады. Соңғысы Гебрид аралдарының оңтүстік бөлігін Сомерледке беруге мәжбүр болды. 1158 жылы Сомерлед тағы да Мэнге басып кіріп, Годредті қуып, Гебридтердің барлығын, сонымен қоса Мэндіде өз қолына алды. Бұл Шотландияның батыс жағалауында Аралдар Патшалығы деп аталатын жаңа мемлекеттің дүниеге келуін білдірді.
Гебридтер мен Аргайлда өз билігін орната отырып, Сомерлед өзінің экспансиясын жалғастырды. 1164 жылы ол Клайдсайдтағы Шотландия патшасының иелігіне шабуыл жасаған қуатты гел-норвег флотын басқарды. Бұл шапқыншылықты қазіргі тарихшылар батыс жағалауындағы гелдік территориялардың тәуелсіздігін Дәуіт I патша кезінде басталған Стюарттар үйі бастаған жаңа ағылшын-норман ақсүйектерінің жаппай шабуылына қарсы тәуелсіздікті қамтамасыз ету әрекеті ретінде қарастырады. Алайда, Сомерлед Ренфру түбіндегі шайқаста жеңіліп, қаза тапты. Оның денесі өзі құрған мемлекеттің рухани және мәдени орталығы Айона аралындағы ғибадатхана жерленді.
Сомерледтің ұлдары Сомерлед қайтыс болғаннан кейін, Мэн аралы мен Сыртқы Гебридтер Аралдар патшалығынан бөлініп, скандинавиялық Кровандар әулетінің билігіне оралды. Өз кезегінде, Сомерлеттің ұлдары қалған аумақтарды өзара бөліп алды. Үлкені Дугал әкесінің орталық иелігін бөлігін алды (Аргайл және Малл, Лисмор, Колл және Тайри аралдары). Ангус - Гарморан, Скай, Солтүстік және Оңтүстік Уист, Рам, Егг, сонымен қатар, Арран мен Бьют. Үшінші ұлы Раналд Арднамерхан, Морверн, Кинтайр және Айлей мен Диура аралдарының иесі атанды. 1210 жылы Ангус қайтыс болғаннан кейін оның жерлері Раналдтың ұлдарына өтті. Жас мемлекеттің бақытына орай, Шотландия патшалығы бұл уақытта Англиямен ұзақ соғысқа араласты, бұл елдің бөлінуіне байланысты әлсірегеніне қарамастан, XIII ғасырдың ортасына дейін бейбіт даму кезеңін қамтамасыз етті.
Ирландиялық шежірелерде Дугалды Аргайлдың билеушісі (көне ирл. rí Airer Goidel), ал Раналды Гебридтердің билеушісі (көне ирл. rí Innse Gall) деп көрсетеді. Аргайлде ғасырлар бойы үстемдік құрған МакДугалл кланы Дугалдан тарайды. Раналд ұрпақтары мен оның арасындағы күрес Аралдар патшалығының дамуындағы басты сәт болды. Сомерлеттің барлық балаларының ішінде Раналд ең көрнектісі болған шығар. Ол өзінің ағаларымен соғысып, Ирландия теңізінде үстемдік орнату үшін жеткілікті үлкен флотты белсенді пайдаланып, патшалықтың үстінен жоғары билікке ие болуға тырысқандығы анық. Сонымен қатар, Раналд гелдік дәстүрлерді феодализмнің кеңейіп келе жатқан әсерімен үйлестіруге тырысты, бұған оның гелдік галера қарулы серімен іргелес тұрған мөрін суреттеу дәлел бола алады. Оның балалары - Макдоналд кланының негізін қалаушы Доналд және Руаири әкесінің мүлкін өз ара бөлісті: біріншісі Кинтайр мен Гебридтердің оңтүстік бөлігін, ал екіншісі - Гарморанды алды.
XIII ғасырдың басында Аралдар билеушілері Солтүстік Ирландиядағы ықпал үшін күреске белсенді қатысып, шотланд ақсүйектерінің орталық үкіметке қарсы көтерілістерін қолдады. 1222 жылы Шотландия королі Александр II Аргайлге Сомерледтің ұрпағын тыныштандыру мақсатында жорыққа шықты. Бұл Шотландияның Аралдар патшалығын өзіне бағындырудың алғашқы әрекеті болды. Шамасы, осы аймаққа Шотландия королінің ықпал ету орталығына айналған батыс жағалауындағы екі бекіністің - Кинтайрдегі Тарберт пен Кинтайлдегі Эйлин Донанның іргетасы қаланған. Алайда, 1230 жылы аралдар тағы бір қауіп-қатерге тап болды: Гебридтерге үлкен ногвегтік флот келді, ол Биютті басып алып, Кинтайрды тонады және Норвегияның Аралдар патшалығына үстемдігін қалпына келтірді.
Екі ірі мемлекет арасында thumb|right|200px| XIII ғасырдың екінші үштіктің бірінен бастап Шотландияның Гебрид аралдарына қол сұғуы басталды. Екінші жағынан, күшейтілген Норвегия да аймақтағы ықпалын арттыруға ұмтылды. Аргайл мен Гебридтердің патшалары екі державаның қақтығысының ортасында қалды. Сомерлед ұрпақтарының үш тармағы да - Макдугаллдар, Макдоналдтар және Макруаири - Норвегия билігін заңды түрде мойындайтын аралдарда және Шотландияның вассалы болып табылатын Аргайл жағалауында да жерлері болды. Екі реттік бағыныштылық пен рулар арасындағы қақтығыстар жағдайды ушықтырды.