«Брондбю» () — Данияның Бреннбю қаласындағы футбол клубы, 1964 жылы құрылған. Өз алаңындағы ойындарын "Брондбю" стадионында өткізеді, сыйымдылығы 29 мың адам.
Әу баста әуесқой клуб ретінде құрылып, Данияның төменгі лигаларында ойнады. 1981/82 жылғы маусымда Финн Лаудруптың жаттықтыруымен (Бриан және Микаэль Лаудруптардың әкесі) суперлигаға жолдама алды. Ал 1985 жылы тұңғыш рет Дания чемпионы атанды.
Жетістіктері
Дания чемпионы (10): 1985, 1987, 1988, 1990, 1991, 1995/96, 1996/97, 1997/98, 2001/02, 2004/05 Дания кубогы (7): 1988/89, 1993/94, 1997/98, 2002/03, 2004/05, 2007/08, 2017/18 Дания лига кубогы (2): 2005, 2006 Дания суперкубогы (4): 1994, 1996, 1997, 2002 Король лигасының кубогы: 2007
Танымал тұлғалары
Атақты ойыншылары
Петер Шмейхель Ким Вильфорт Ларс Ольсен Даниэль Аггер Ян Кристиансен Ким Кристофте Мартин Бернбург Бент Кристенсен Эббе Санд Сёрен Ларсен Даниэль Васс Мадс Юнкер Бриан Лаудруп Микаэль Лаудруп Мартин Альбрехтсен Деннис Роммедаль Ники Симлинг Микаэль Крон-Дели
Сілтемелер
https://web.archive.org/web/20090211112301/http://brondby.com/article.asp?aid=82
Санат:Дания футбол клубтары