Ингрид Добеши (; 17 тамыз 1954 жыл, Бельгия) — АҚШ математигі, шығу тегі бойынша бельгиялық. АҚШ Ұлттық ғылым академиясының (1998)http://www.nasonline.org/member-directory/members/3002628.html және оның Кеңесінің (2020)http://www.nasonline.org/about-nas/leadership/nas-council.html , Американдық философиялық қоғамның (2003), Лондондық (2007) және Американдық (2012)http://www.ams.org/cgi-bin/fellows/fellows.cgi математикалық қоғамдарының құрметті мүшесі, Дьюк университетінің профессоры. Американдық өнер және ғылым академиясының мүшесі, Франция ғылым академиясының шетелдік мүшесі (2009)https://www.academie-sciences.fr/fr/Liste-des-membres-de-l-Academie-des-sciences-/-D/ingrid-daubechies.html. 2014 жылы Бельгияның баронессасы атағын алды.https://www.lemonde.fr/sciences/article/2014/07/15/ingrid-daubechies-la-baronne-des-maths_4456754_1650684.html.
Өмірбаяны Бельгияның Хаутхален-Хелхтерен қаласында дүниеге келген. Брюссель еркін университетінде физика саласынан бакалавр және PhD дәрежелерін алып, кейін сол жерде он жылдан астам уақыт сабақ берген.
1987 жылы Добеши вейвлеттерге байланысты AT & T Bell зертханаларында жұмыс істеп бастады. Сонымен қатар Мичиган мен Рутгерс университеттерінде сабақ беріп жүрді. 1994 жылы ол Принстон университетінің алғашқы математика пәнінен әйел-профессоры атанды. 2011 жылдан бастап Дьюк университетінде математика профессоры болып қызмет атқарады.
Добеши вейвлет-анализ және суреттерді сығу саласындағы жұмыстарымен танымал. 2010 жылы Халықаралық математикалық одақтың 2011-2014 жылдар аралығында бірінші әйел президенті болып сайланды.https://polit.ru/news/2010/08/18/imu_180810/
Ықшам тасымалдағышпен вейвлеттер теориясын, атап айтқанда Добеши вейвлет отбасысын, қарапайым Хаар вейвлетін, сонымен қатар Коэн-Даубеши-Фово биортогоналды вейлветін құру, оларды дамыту және танымал ету - Ингрид Добешидың ғылымға енгізген ең мөлшерлі үлестері болып табылады.
Марапаттары Физикадан Луи Эмпейн премиясы(1984) Макартур стипендиясы (1992) «Математикалық сипаттама» үшін Стил премиясы (1994) Математикадан Рут Литл Саттер премиясы (1997) Эйлерлік лекциясы (1998) Технологиялық инновация үшін Электротехника және электроника инженерлері институтының алтын мерейтойлық сыйлығы (IEEE)(1998) Математикан АҚШ Ұлттық ғылым академиясының медалі (2000) Эдуард Рейн премиясы (2000) Гиббс лекциясы (2005) Нётеровтық оқырман (2006) Гуггенхайм стипендиясы(2010)https://www.gf.org/fellows/all-fellows/ingrid-daubechies/ Джон фон Нейман лекциясы(2011) «Ғылыми зерттеулерге қосқан үлесі үшін» Стила премиясы (2011) «Электротехника» санатындағы Бенджамин Франклин медалі (2011) Окава премиясы (2011) Математикадан Неммерс премиясы (2012) BBVA Foundation Frontiers of Knowledge Award (2012) William Benter Prize in Applied Mathematics (2018) Л’Ореаль премиясы — ЮНЕСКО «Ғылымдағы әйелдер үшін» (2019) Астурия ханшайымының сыйлығы (2020)
Еуропа университеттерінің бірнеше құрметті дәрежелерімен марапатталған, Оксфордтың құрметті докторы (2013)http://www.ox.ac.uk/news-and-events/The-University-Year/Encaenia/2013
Еңбегі Daubechies I. Толқындар туралы он дәріс. - Ижевск: РХД, 2001. - 464 б. - ISBN 5-93972-044-7.
Дереккөздер
Санат:АҚШ ғалымдары Санат:АҚШ математиктері Санат:1954 жылы туғандар Санат:17 тамызда туғандар Санат:Әйел ғалымдар Санат:XXI ғасыр ғалымдары Санат:Әйел математиктер Санат:Әйел физиктер Санат:PhD-докторлар Санат:Принстон университеті оқытушылары Санат:Тірі тұлғалар