Алессио Таккинарди (; 23 шілде 1975https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/5748, Крема) — италиялық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушылары.

Италия Ұлттық футбол құрамасы сапында 13 кездесу өткізді. 1996 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты. Карьерасы "Аталанта" клубының түлегі. 1992 жылы кәсіпқой карьерасын бастады. Екі жылдан соң "Ювентусқа" ауысты. "Ювентуста" 10-нан аса маусым өнер көрсетіп, Зинедин Зидан, Антонио Конте, Дидье Дешам, Анджело Ди Ливио, Эдгар Давидс, Джанлука Дзамбротта, Мауро Каморанези секілді футболшылармен тізе қосып ойнап, көптеген жүлделерге қол жеткізді (арасында Чемпиондар лигасы мен УЕФА суперкубогы бар).

2005 жылы "Вильярреалға" жалға беріліп, екі маусым ойнады.

2007 жылы аренда мерзімі біткен соң "Ювентустан" түпкілікте кетіп, "Брешиаға" ауысты.

2008 жылы футболшылық карьерасына нүкте қойды.

2009 жылы бапкерлік жолын бастады.

Жетістіктері «Ювентус»

А сериясы чемпион: 1994/95, 1996/97, 1997/98, 2001/02, 2002/03 2-орын: 1995/96, 1999/00, 2000/01 Италия кубогы Жеңімпаз: 1994/95 Финалист: 2001/02, 2003/04 Италия суперкуогы Жеңімпаз: 1995, 1997, 2002, 2003 Чемпиондар лигасы Жеңімпаз: 1995/96 Финалист: 1996/97, 1997/98, 2002/03 Құрлықаралық кубок Жеңімпаз: 1996 УЕФА кубогы Финалист: 1994/95 УЕФА суперкубогы Жеңімпаз: 1996 Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Италия футболшылары

Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Вильярреал ФК ойыншылары Санат:Брешиа ФК ойыншылары Санат:Италия футбол жаттықтырушылары