Слава Калистратович Метревели (; 30 мамыр 1936 жыл, Сочи, Азово-Черномор өлкесі, КСРО — 7 қаңтар 1998 жыл, Тбилиси, ГрузияСборная России по футболу. Метревели Слава Калистратович ) — КСРО-лық футболшы, шабуылшы. 1960 жылғы Еуропа чемпионы.
Карьерасы Карьерасын 1953 жылы бастады. әр жылдары "Спартак" (Сочи), "Торпедо" (Горький), "Торпедо" (Мәскеу), "Динамо" (Тбилиси) клубтарында ойнады. "Динамо" сапында екі рет КСРО чемпионы атанды.
Ұлттық құрамадағы тұңғыш ойынын 1958 жылы 28 қыркұйекте Мажарстанға қарсы өткізді, Бұл Еуропа чемпионаттары тарихындағы тұңғыш кездесу болатын. Бұл ойында КСРО 3:1 есебімен жеңіске жетті.
1960 жылғы Еуропа чемпионатының финалында бірінші голдың авторы атанды. Бұл ойында КСРО 2:1 есібмен Югославияны ұтты.
1962, 1966, 1970 жылдары әлем чемпионатына қатысты.
1976-79 жылдары азырақ уақыт бапкерлікпен айналысты. 1976-77 жылдары "Динамо" (Тбилиси) клубының бапкерлер штабында қызмет жасады, 1978-79 жылдары "Дила" клубының бас жаттықтыругысы міндетін атқарды.
Жетістіктері
Клубтық
КСРО чемпионы: 1960, 1964 КСРО кбуогы: 1960
Халықаралық
Еуропа чемпионы: 1960 Әлем чемпионатының жартылай финалисі: 1966
Жеке
Грузияның үздік футболшысы (1964). "Құрмет белгісі" (1966), "Намыс ордені" (Грузия, 1996). Маусымның үздік ойыншылары (9): № 1 — 1958—1962, 1964, 1965, 1968; № 2 — 1957
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Санат:КСРО футболшылары Санат:КСРО Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Торпедо Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Динамо Тбилиси ФК ойыншылары Санат:КСРО футбол жаттықтырушылары Санат:Динамо Тбилиси ФК жаттықтырушылары Санат:Дила ФК жаттықтырушылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары