Әлібек Бақтиярұлы Бөлешев (9 сәуір 1981, Талдықорған, Қазақ КСР, КСРО) — қазақ футболшысы, шабуылшы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. Мансабы Клубтық "Жетісу" футбол клубының түлегі. 1999 жылы 18 жасында-ақ Қазақстанның жоғары лигасында ойнай бастады. Маусым соңында "Жетісу" төменгі лигаға түсіп кетті де, Әлібек "Қайратқа" ауысты.
"Қайрат" сапында алты маусым ойнап, 60-тан аса голдың авторы атанды, 2001, 2003 жылдары Қазақстан кубогын, 2004 жылы Қазақстан чемпионы атағын иеленді. 2007 жылы "Ақтөбеге" ауысты да, жыл соңында "Қайратқа" оралды. "Ақтөбе" сапында бір гол ғана соға алды, бірақ "Ақтөбе" ол маусымды жақсы өткізіп, Әлібек екінші рет Қазақстан чемпионы атанды.
Ұлттық құрама Қазақстан құрамасы сапында алғашқы ойынын 2002 жылы 7 шілдеде Эстонияға қарсы өткізді.
2004 жылы 13 қазан күні Албаниямен ойында соңғы рет құрама сапында ойнады. Бұл ӘЧ-2006 іріктеу ойыны болатын.
Жетістіктері Командалық Қайрат
Қазақстан чемпионы: 2004 Қазақстан кубогы (2): 2001, 2003 қазақстан кбогының финалисі (2): 2004, 2005 Жеке Қазақстанның үздік сол қаптал шабуылшысы (3): 2001, 2003, 2004
Ақтөбе
Қазақстан чемпионы (2): 2007
Сілтемелер Профилі Профилі
Санат:Қазақстан футболшыларыСанат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Жетісу ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары Санат:Ордабасы ФК ойыншылары Санат:Атырау ФК ойыншылары Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Сұңқар ФК ойыншылары Санат:Оқжетпес ФК ойыншылары