Мортық () – астық тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік. Қазақстанда далалы, шөлді, сортаңдау, қиыршық тасты, құм топырақты жерлерде өсетін 4 түрі бар.

Ботаникалық сипаты Биіктігі 5–30 см. Жапырағы таспа тәрізді, жалпақ. Гүлшоғыры – масақ. Сәуір – мамыр айларында гүлдейді. Жемісі – тұқымша. Мортықтың түрлерінің бәрі – эфемерлер (өніп-өсу кезеңі өте қысқа, құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер). Жемісі піскенше жайылымда өсетін құнарлы мал азығы.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том 27 бет.

Дереккөздер

Санат:Астық тұқымдасы