Лусимар Феррейра да Силва (порт. Lucimar Ferreira da Silva; 8 мамыр 1978 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/77, Бразилиа) — бразилиялық футболшы, қорғаушы. 2002 жылғы әлем чемпионы.
Мансабы Карьерасында Бразилияның, Германияның, Италияның, Үндістанның футбол клубтарында ойнады. Ең табысты болған кездері "Бавария" мен "Интерде" ойнаған жылдары. Әсіресе 2010 жылы бірнеше жүлде иегері атанды: Чемпиондар Лигасының жеңімпазы, Скудетто иегері, Италия кубогының иегері, Клубтар арасындағы әлем чемпионы.
"Бавария" сапында ойнап жүріп үш рет Германия чемпионы атанды.
Үш әлем чемпионатына қатысты: 2002, 2006, 2010. 2002 жылы әлем чемпионы атанды. Лусио осы турнирде құраманың негізгі ойыншыларының бірі болды.
Қазір Бразилияның "Бразильенсе" командасында ойнайды.
Жетістіктері
Командалық
Рио-Гранди-ду-Сул штатынң чемпионы (1): 1997 Германия чемпионы (3): 2004/05, 2005/06, 2007/08 Германия кубогы: 2004/05, 2005/06, 2007/08 Германия Лига кубогы: 2004, 2007 Италия кубогы: 2009/10, 2010/11 Италия чемпионы: 2009/10 Чемпиондар Лигасы (1): 2009/10 Италия суперкубогы: (2): 2010, 2012 Клубтар арасындағы әлем чемпионы: 2010 Әлем чемпионы (1): 2002 Конфедерациялар кубогы: 2005, 2009
Жеке
Бразилиядағы "Күміс доп" иегері: 2000
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Санат:Бразилия футболшылары Санат:Байер 04 ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Интернасьонал ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Сан-Паулу ФК ойыншылары Санат:Палмейрас ФК ойыншылары Санат:Гоа ФК ойыншылары Санат:Бразильенсе ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары