Руй Педру душ Сантуш Патрисиу (; 15 ақпан 1988https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/45026, Марразеш, Португалия) — португалиялық футболшы, қақпашы. 2016 жылғы Еуропа чемпионы.

Мансабы Лиссабонның "Спортинг" клубының түлегі. 2006-18 жылдар аралығында Он екі маусым бойы осы команданың намысын қорғады. 2018 жылы Англияның "Вулверхэмптон" командасына ауысты. Англиялық клубпен төрт жылдық келісім шарт жасастыhttps://campeones.ua/61793/ .

Португалияның барлық жастағы құрамасында ойнап шықты.

Ұлттық құрамамен бірге 2008 жылғы Еуропа чемпионатына барғанымен, алғашқы ойынын 2010 жылы қарашада өткізді. Содан бері Португалия құрамасының негізгі қақпашысы боп келеді.

2016 жылғы Еуропа чемпионатында Патрисиудің керемет ойыны командаға чемпиондық атақты әперді. Ширек финалда пенальтилер сериясында польшалық әріптесінен басым түсті. Финалдағы Франциямен ойында да Патрисиу бірнеше қауіпті соққының бетін қайтарды.

Жетістіктері

Командалық Спортинг

Португалия кубогы (2): 2007/08, 2014/15 Португалия суперкубогы (3): 2007, 2008, 2015 Лига кубогы: 2018

Португалия

Еуропа чемпионатының жартылай финалисі: 2012 Еуропа чемпионы: 2016. Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері: 2017

Қатысқан турнирлері

Еуропа чемпионаттары: 2008, 2012, 2016 Әлем чемпионаттары: 2014, 2018 Конфедерациялар кубогы: 2017

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Португалия футболшылары Санат:Спортинг Лиссабон ФК ойыншылары Санат:Вулверхэмптон Уондерерс ФК ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Португалия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары