Салиха Канаева (1 ақпан 1955 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы Мөнекей ауылында туған) – «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филалының 1991-2013 жылдар аралығындағы тележүргізушісі, дикторы, режиссері, бас режиссері.

Өмірбаяны Төре руынан шыққан. 1971 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Жолнұсқау ауылында сегізжылдық мектепте мұғалімдік қызмет істеді. 1975-1981 жж. - Өскемен педагогикалық институтында оқып, география және биология мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1981-1998 жж. - Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы интернатта аға тәлімгер, тәрбиеші болып, география, әдеп пәндерінен сабақ берді. 1991-1998 жж. - интернаттағы негізгі жұмысымен қатар «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалында штаттан тыс тележүргізуші болып, «Ақжолтай» сазды-бағдарламасын 10 жыл жүргізді. 1998-2003 жыл жж. - «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалына жұмысқа қабылданып, танымдық және сазды бағдарламалар жүргізіп, ақпаратты-саяси хабарлар мен жаңалықтарда диктор болды. 2002 жылы Алматы қаласындағы «Хабар» Агенттігі жанындағы телевизиялық студия мектебінен ТВ режиссурасы бойынша білімін жетілдіріп, 2003 жылдан бастап режиссер қызметін атқарды. Телевизиялық ток-шоулар, концерттік бағдарламалар түсірді, эфирге тікелей эфирлер беріп, бағдарламалар дайындады. 2007 жылы аға режиссер, ал 2009 жылы бас режиссер қызметіне ауыстырылып 2011 жылға дейін республикалық маңыздағы телекөпірлер, телемарафондар өткізіп, маңызды саяси іс-шаралар барысын тікелей трансляция жасады. 2011 жылы инженерлік-техникалық бөлімге ауыстырылып 2013 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін бейнеинженер болып жұмыс істеді.

Жетістіктері 2001 жылы Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының Өскемен қаласы бойынша өткізген «Шығыс маржаны» байқауының «Кадрдағы әйел» номинациясы бойынша жеңімпазы. 2005 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің, 2008 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарама төрағасының алғыс хаттары және мақтау қағаздары. 2011 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері."Қасиетті қара шаңырақ! Для всех родной. Өскемен. 2013."Жемчужина Востока" г.Усть-Каменогорск 2004 г. Совместный проект филиала "Ассоциация деловых женщин Казахстана" и Управления культуры и спорта г.Усть-КаменогорскаЖемчужное ожерелье Востока. Ассоциация деловых женщин. г.Усть-Каменогорск. 2011 г.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан тележүргізушілері Санат:Шығыс Қазақстан университеті түлектері Санат:Қазақстан телерадиосы режиссерлері Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Уикипедияшылар