БАТЭ (бел. БАТЭ) 1996 жылы құрылған Беларусь футбол клубы. Борисов қаласының намысын қорғайды. Өз алаңындағы ойындарын "Борисов-Арена" стадионында өткізеді. УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық турнирінде ойнаған Беларусьтағы жалғыз команда.

Тарихы Негізінен клуб 1973 жылы құрылып, КСРО чемпионатының екінші лигасында біраз жыл ойнаған. 1984 жылы таратылған. 1996 жылы клуб қайтадан құрылып, жаңа тарихын бастады. Клуб тез көтеріліп, 1998 жылы-ақ Беларусь чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Осылайша 1999 жылы Еурокубоктердегі дебют маусымын өткізді. Командада сол кездері ел футболының болашақ жұлдыздары Александр Глеб, Виталий Кутузов секілді футболшылар ойнады. 1999 жылы тұңғыш рет ел чемпионы атанды.

2006-17 жылдары қатарынан 12 рет ел чемпионы атанып, Беларусь чемпионатының рекордын жаңартты.

Чемпиондар Лигасының 2012/13 жылғы маусымын керемет өткізді. Тіпті, турнирдің болашақ жеңімпазы "Баварияның" өзін 3:1 есебімен ұтып, Еуропаны таңғалдырды. Бірақ бұл ерлігі 1/8 финалға шығуға жеткіліксіз болды. Кейін "Валенсиядан" екі рет, "Бавариядан" сырт алаңда бір рет ұтылды да, топта үшінші орынға түсіп қалып, жарысты Еуропа Лигасында жалғастырды. Бірақ аталмыш раундта Түркияның "Фенербахче" клубынан өте алмады — 0:0, 0:1.

Жетістіктері Беларусь чемпионы (15): 1999, 2002, 2006, 2007, 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018 Беларусь кубогы (3): 2006, 2010, 2015 Беларусь суперкубогы (7): 2010, 2011, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017

Құрамы № Футболшы Ұлты Туған күні Қақпашылар 16 Андрей Кудравец 2. 9. 2003 28 Александр Свирский 28. 2. 1999 35 Антон Чичкан 10. 7. 1995 48 Денис Щербицкий 14. 4. 1996 Қорғаушылар 3 Боян Настич 6. 7. 1994 4 Александар Филипович 20. 12. 1994 14 Борис Копитович 17. 09. 1994 19 Дмитрий Бессмертный 03. 01. 1997 21 Егор Филипенко 10. 04. 1988 23 Захар Волков 12. 08. 1997 32 Яков Филипович 17. 10. 1992 Жартылай қорғаушылар 5 Евгений Яблонский 10. 05. 1995 7 Евгений Берёзкин 5. 07. 1996 8 Станислав Драгун 4. 06. 1988 18 Виллюм Тор Виллюмсон 23. 10. 1998 22Игорь Стасевич 21. 10. 1985 25 Дмитрий Бага 4. 01. 1990 33 Павел Нехайчик 15. 07. 1988 88 Александр Володько 18. 06. 1986 94 Эрвейн Мукам 24. 05. 1994 Шабуылшылар 9 Боян Дубайич 1. 9. 1990 11 Антон Сарока 5. 3. 1992 15 Максим Скавыш 13. 11. 1989 26 Неманья Милич 25. 05. 1990

Танымал ойыншылары

Александр Глеб Виталий Кутузов Юрий Жевнов Матея Кежман Ренан Брессан Филип Младенович Марко Симич Виталий Родионов Дмитрий Лихтарович

Сілтемелер Интернет-магазин Ресми сайт БАТЭ (фейсбук) БАТЭ (вконтакте) БАТЭ (твиттер) БАТЭ (инстаграм) БАТЭ (ютуб) БАТЭ (pressball.by) БАТЭ (uefa.com) Статистикасы Санат:Беларусь футбол клубтары Санат:1973 жылы құрылған футбол клубтары