Екпетал — Ақтөбе облысы Ойыл ауданы, Ойыл ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2024 жылы таратылған.Ақтөбе облысы Ойыл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы. 2024 жылғы су тасқынының салдарынан тұрғындары аудан орталығына көшірілді.
Географиялық орны Аудан орталығы – Ойыл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 588 адам (307 ер адам және 281 әйел адам) болса, 2009 жылы 350 адамды (169 ер адам және 181 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 355 адамды (195 ер адам және 160 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Ойыл ауданының таратылған елді мекендері