Қаратал — Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы ауыл, Шығанақ Берсиев ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Ойыл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 16 км-дей жерде, Барқын құмының оңтүстік-батысында орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1513 адам (757 ер адам және 756 әйел адам) болса, 2009 жылы 1343 адамды (679 ер адам және 664 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1174 адамды (604 ер адам және 570 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Ойыл ауданы елді мекендері