Жапақ мазары – Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші тізіміне енген, ХІХ ғасырдың сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері Ырғыз ауданы, Жайсаңбай ауылынан шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 5,5 км жерде.
Кесене сипаты Сыртқы шеңберінің диаметрі 8 м. Қасбетті дөңгелек ғимаратты тең бөлікке бөліп тұр. Мұнара – күмбезшелер құрбандық орны тәрізді сыртқа қарайды. Мазардың ішкі бөлігінде төрт жер асты қабырларының үстінде сахна тәрізді тұғырлар орналасқан. Мазардың биіктігі 7,10 м."Ырғыз" энциклопедиясы. - Ақтөбе, 1985.- 440 бет
Дереккөздер
Санат:Қазақстан кесенелері Санат:Ақтөбе облысы сәулеті Санат:Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері