Есет-Дәрібай кесенесі – Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген, XIX ғасырда өмір сүрген халық батыры Есет Көтібарұлына (1803-1889) тұрғызылған сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері Шалқар ауданы, Аққайтым ауылынан оңтүстікке қарай 30 км жерде.
Кесене сипаты Кесененің бірінші нұсқасы 1890 жылы төртбұрышты шикі және күйген кірпіштен күмбезбен өріліп, қабырғалары әшекейленіп салынған. Бірақ уақыт әсерімен құлаған. Шалқар өңірі халқының бастамасымен бұл кесене екінші рет, қазіргі заманның сәулет өнерінің талаптары ескеріліп, ұлттық нақышпен 1993 жылы қайтадан салынды. Кесене құбылаға қарағанда оң жағындағысы - інісі Дәрібайдың тамдарынан тұрады. Осы екі тамның ортасында биік шырақ мұнарасы бар. Бұлардың аумағына тас төселген. Әрбір там жанында құлпытастар орнатылған. Есет пен Дәрібай тамдарының әр біреуінің сыртқы өлшемі 7х7 м, ішкі өлшемі 6х6 м, биіктігі 8 м-ден. Олардың бірінші деңгейі 4 м биіктікте, одан жоғары 4 м биіктікте мазардың күмбезі бар. Екі тамның ортасындағы мұнараның биіктігі 16 м. Мұнара бойындағы мрамор тақтаға сол кездегі тарихи тұлғалардың аттары жазылған. Кесене республикадағы тарихи ескерткіштер қоғамының есебіне алынды. Кесене басында шырақшы тұрады. Ақтөбе облысындағы туристік бағдарға енгізілген. Есет әулие басына барып түнеушілер көп. Бұл кесененің сәулетшісі «Ұран Бақтыбай» баба ұрпағы – Оразбай Әділбаев.Ақтөбе: энциклопедия. - Ақтөбе, 2001. - 748 бет
Дереккөздер
Санат:Қазақстан кесенелері Санат:Ақтөбе облысы сәулеті Санат:Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері