Шаңтөбе – Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы тау. Сандықтау ауданының батысында орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 437 м. Оңтүстіктен шығысқа қарай ұзындығы 2 км-ге, ені 0,8 – 1,0 км-ге созылған. Беткейі көлбеу, кей жерінде жыныстары бетіне шығып жатыр.
Геологиялық құрылымы Делювий-пролювийлі шөгінділерден түзілген ордовик жыныстарымен көмкерілген.
Өсімдігі Карбонатты қара топырағында әр түрлі шөптесін өсімдіктер өскен.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Сандықтау ауданы таулары