Шапауов Әліби ҚабыкенұлыҚазақ Энциклопедиясы Шапауов Алиби Кабыкенович Shapauov Alibi Kabykenovich (1973 жылы, 04 қаңтарда туған, СССР, Қазақ ССР-і, Көкшетау облысы, СҚО, Уәлиханов ауданы, Қулыкөл (Чапаев совхозы), Қаратал ауылы) – ғалым, филология ғылымының кадидаты (2001), доцент (2003), профессор (2014). ҚР Президентінің «Талантты және жас ғалымдар» мемлекеттік ғылыми сыйлық иегері (2004-2006 жж.), "ҚР Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" Мемлекеттік атағы мен грантының екі рет иегері (2008 және 2014). Павлодар мемлекеттік педагогика институтын (1994), С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің іштей оқу түрі аспирантурасын (2000) бітірген, ғылыми жетекшісі, профессор Қуандық Мәшһүр-Жүсіп. 2005-2008 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде докторлық диссертация жазуға ізденуші, ғылыми кеңесшісі академик Рымғали Нұрғали. Павлодар мемлекеттік педагогика институтында оқытушы (1994 – 96), аспирант (1997 – 2000), аға оқытушы, доцент (2000 – 05), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ОӘО-ның мүшесі (2002 – 04). 2005 жылдан Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі, департамент басшысы, ректор кеңесшісі. 2019-2024 жылдар аралығында Польша, Израиль мемлекеттерінде ғылыми тағылымдама-зерттеумен іссапарда болды. 2024 жылы Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры. 2025 жылдан Астана қаласы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры. Ш. «Рухнама» 50 томдық мәдени мұра республикалық жобасы редакциялық алқасының мүшесі және авторы. Монографияларық кітаптары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде Павлодар, Көкшетау, Москва, Иерусалим қалаларының типографияларында жарияланды. Отандық, шетелдік Scopus, WoS ғылыми журналдарында 120-ға жуық ғылыми еңбек пен рецензияларын жариялаған. Венгрияда, Қытайда, Ресейде, Хакасияда, Өзбекстанда, Польшада, Израильде, Болгарияда мемлекеттерінің университеттері мен Ғылыми-зерттеу институттарында зерттеу жұмыстарымен айналысты. ҚР Президентінің "Болашақ" халықаралық бағдарламасының түлегі. Он бес ғылым магистрі мен үш PhD философия докторларына ғылыми жетекшілік жасап дайындаған. 2017 жылы ҚР Президентінің ғылым саласына арналған мемлекеттік стипендиясын алған. 2017 жылы "ҚР Ғылымын дамытқаны үшін" ҚР Білім және ғылым министрлігінің медаль иегері.
Дереккөздер