Ою-өрнек түрлері Қазақ ою-өрнегінің негізгі композияциялық құрылымы:жиектік өрнектер - ою-өрнекті жолақ (фриздер, жиектер т.б.);гүлді өрнектер (шеңбер түріндегі ою-өрнектер, розетка, күн белгісі, т.б.);торлы ою-өрнектер (заттың бетін тұтас жауып тұрады);геометриялық (әр түрлі геометриялық денелерден құралады);зооморфтық (жануарлар, яғни аң-құс, балық , әр түрлі жәндіктер т.б.);көкөніс (өсімдіктердің гүлі, жапырағы, сабағы, жәні т.б. элементтері).қиял-ғажайып өрнектер (бойтұмарлар, аспан әлемінің белгісі).Олардың аса маңызды элементтері: қошқар мүйіз, құс таңдай, түйе табан, үш жапырақты, бес жапырақты, т.б. Ою-өрнектің геометриялық элементтері шаршы, ромбы, жұлдызша түрінде), сондай-ақ, көкөніс өрнектері (гүл, жапырақ, бұтақ түрінде) ағаш ұқсатуда, әсіресе үй жиһазы мен ыдыс-аяқтарда, музыка аспаптары мен аңшылық қару-құралдарында сақталып қалды.Халық ою-өрнегінің сан алуан түрлері әйел әшекейлерінде (сақина, сырға, бойтұмар, білезік) кездеседі. Ал сәулет өнерінде зооморфтық пен көкөніс өрнектері (сыңар мүйіз, кұсмойын, түлкі бас, арқар мүйіз, т.б.) басым болады.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Ою-өрнек түрлері · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.