Тоғанда балық өсіру — арнайы салынған не балық өсіруге бейімделген су айдандырында балықтың тез өсетін түрлерін өсіретін шарушылық. Сулы тоғанда көбіне тұқы жəне жылы суда жақсы өсетін ақ амур, шортан, көксерке, дөң маңдай т.б. өсіріледі. Салқын сулы тоғанда теңбіл форель өсіріледі. Т.б. өсімдіктердің балықты уылдырықтан товарлы түріне дейін өсіретін 1, 2, 3 жылдық айналымы бар: 1 жылдық айналымда балықты 5-6 ай, 2 жылдық мерзімде 16-17 ай, 3 жылдық болса 28-29 ай өсіреді.
Тоғанда балық өсірудің бұл түрлерінің қайсысын қолдану жергілікті жердің ауа райына, балық өсіру биологиясына, техникалық жабдықтарына байланысты. Мұнда өндірістік процесс былай құрылады аналық уйір (ұрғашы, еркек балықтар) өсіру, уылдырық шашатын балықтарды сұрыптап алу (Форель өсіру шаруашылығында қолдан ұрықтандыру жəне уылдырықты инкубаторда өсіру), бірінші жазда шабақ өсіру, балықты қыстату, балықты екінші жазда товарлық жағдайына дейін өсірту.
Тұқы жəне форель өсірту шаруашылығында толық жүйелі (балықты уылдырықтан товарлық күйіне дейін өсіру) жəне балық питомниктері (шабақты бір жаз бойы өсіріп, бір жасқа толғанда балық шаруашылықтарына сатады) болады.
Санат:Балық шаруашылығы