Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов (6 маусым, 1972 жыл, Алға ауданы, Ақтөбе облысы) — қазақстандық саясаткер, Ақтөбе облысының (2011—2015) және Қостанай облысының бұрынғы әкімі (2015—2022).
Білімі Самара мемлекеттік техникалық университеті мен Қазақ-орыс халықаралық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша - инженер-электрик, қаржы бакалавры.
Еңбек жолы Еңбек жолын Ақтөбе қаласының коммерциялық құрылымдарында бастаған. Ақтөбе облысының сыртқы-экономикалық байланыс және инвестициялар басқармасының бастығы. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік директоры Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Ақтөбе қаласының әкімі қызметтерін атқарды. 2011 жылғы 22 шілдесінен Ақтөбе облысының әкімі.Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов 2015 жылдың 11 қыркүйегінен Қостанай облысының әкімі. Архимед Мұхамбетов Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды 2022 жылы 1 желтоқсанда лауазымынан босатылды. Құрмет орденімен марапатталған.
Дереккөздер
Санат:6 маусымда туғандар Санат:1972 жылы туғандар Санат:Алға ауданында туғандар Санат:Ақтөбе әкімдері Санат:Ақтөбе облысының әкімдері Санат:Қостанай облысының әкімдері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалінің иегерлері